ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ Толығырақ

А. ШПЕКБАЕВ ПРЕСНОВКА АУЫЛЫНДАҒЫ АШЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

20:35, 26 қазан 2020

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев және облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына да барды. Мұнда олар қазан айының басында Пресновка ауылында ашылған «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесінің жұмысын көрді. Сонымен қатар аудан орталығында жүріп жатқан жөндеу, құрылысм жұмыстарын  бақылап, жаңартылған инфекциялық бөлімшеге барды.

Жамбыл ауданында «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесі Қазан айының басында ашылған. Барлық қажетті құралмен жабдықталған кеңсеге аудан тұрғындары келіп білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй мәселелеріне қатысты өз сұрақтарын шеше алады. Жалпы мұнда мемлекеттік қызметтің 80 түрі көрсетіледі. Оның 60—ы электронды форматта. Ашылғалы бері 6 бөлімнің маманы 160-тан астам тұрғынды қабылдап, 140-қа жуық мемлекеттік қызмет түрін көрсеткен.

- ЖКХ, отдел строительства. Бізде 16 услуга бар. Соның ішінде ең востребованный услуга ол выдачи справки по определению адреса... Сіз әкімшілікте істейсізбе? Иа.графикпен жұмыс істиміз.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің төрағасы Алик Шпекбаевтың сөзінше ашық әкімдік орналасқан ғимарат аудандық Прокуратураға, Нұр—Отан партиясына және аудан әкімдігіне жақын орналасқандықтан сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауда пайдасы зор.  Сервистік кеңседе сондай-ақ жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыс табай алмай жүрген жандарға көмек көрсетеді. Зинаида Тукинова аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі ретінде ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысады. Еңбек ардагерінің бүгін бұл жерге келу себебі кеңсенің жұмысымен танысып, өз бағасын беру.

ЗИНАИДА ТУКИНОВА, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

- Бұл жерде кез-келген тұрғын өзіне қажетті қызметті еш қиындықсыз ала алады. Сонымен қатар бірнеше ғимараттың табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Бұл жаңашылдық туралы мен міндетті түрде ардагерлер кеңесіндегі өз достарыма айтатын боламын.

Кейін Алик Шпекбаев және Құмар Ақсақалов Пресновка ауылының ішінде жүріп жатқан жөндеу жұмыстарын бақылады. Жалпы мұнда 19 инфрақұрылымдық жоба қолға алынды.  «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Жобаның құны 296 млн теңге. 6 білім ордасында 303 млн теңгеге  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Пресновка ауылының көшелері де ретке келтіріліп, 450 жарық диодты шамдар орнатылды. 102 млн теңгеге ауылішілік кентішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілді.

МАРАТ ЕСКЕНДІРОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ең үлкені ФОК. Соның құрылысы жүріп жатыр.... екі жылдың ішінде бітіреміз..... жарық істелді...өзі жанады,өзі сөнеді.Жолдың жұмысына 102 млн кетті. Келесі жылы кіреберістегі жолдарды жөндейміз. Құмар Іргабайұлы өзі айтты қолдаймыз деп.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Келесі жылы да біраз жобаны жасап жатыр. Әр аудан орталығында асфальт жасауға бөлеміз.....

Кейін Алик Жатқамбайұлы мен Құмар Іргебайұлы  аудандық аурухананың жанындағы инфекциялық бөлімшеге барды. 20 жатын орынға шақталған нысанның шатырын ауыстыруға, қасбетін ретке келтіруге 36 млн теңге қаржы бөлінген.Нысанда ковид-19 вирусын жұқтырғандар мен ақ халаттыларға арналған бөлек бокстер бар.

НИКОЛАЙ НОВИКОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Сонымен қатар ауданға алғашқылардың бірі болып жылжымалы диагностикалық медициналық кешен жеткізілді. Алғашқы көмек көрсетуге арналған автобус барлық қажет жабдықпен қамтамасыз етілген. Бұл көлік Қостанай қаласының «Сарыарқа» зауытында құрастырылады. Тіпті ковид-19 вирусына қарсы жүйе бар. Яғни әрбір науқастан кейін кешен зарарсыздандырылады. Кешеннің құңы 156 млн теңге.

МАРАТ ЕСКЕНДІРОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Іші толған медициналық заттармен. Біздің облысқа 8 келеді екен. Шалғай аылдарға барса оларда әйел ауруларының, томографи, узи бір уақытта өтуге болады. Автобус жолы жоқ жерлерде жүруге икемделген. ішінде бәрі бар.

Жамбыл ауданында оңтүстіктен көшіп келушілерге биыл 48 үй салынып жатыр. Агенттік төрағасы және өңір басшысы құрылыспен танысып, баспаналарға өз бағасын берді. Жалпы ауданға жыл басынан 31 үйелмен, 109 адам қоныс аударған. 

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«NUR OTAN» СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДАҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ
20:32, 23 қараша 2020
«NUR OTAN» СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДАҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ
20:30, 23 қараша 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ
Толығырақ...
"ADAL" ЖӘНЕ "ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ" САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ЖІБЕРІЛДІ
20:32, 20 қараша 2020
"ADAL" ЖӘНЕ "ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ" САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ЖІБ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...