ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

14:00, 13 қыркүйек 2021

2021 жылғы 26 қыркүйекке тағайындалған

  Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы қарсаңында  кандидаттарға   сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының «Qyzyljar»  теле-, радиоарнасында эфирлік уақыт берудің жалпы шарттары

     «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы (бұдан әрі - СҚОФ)   «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін «Qyzyljar» теле-, радиоарнасында эфирлік уақыт беру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы хабарлайды.

СҚОФ  эфир уақытын «Қазақстан» РТРК» АҚ мен Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттар (бұдан әрі - Кандидат)   арасында жасалатын жазбаша шарт негізінде  және «Qyzyljar» теле-, радиоарнасы бекіткен монтаждау парақтарына сәйкес береді.  Осыған орай, монтаждау парақтары жазбаша өтініш берілген күні СҚОФ-да бар техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, яғни «Qyzyljar» теле-, радиоарнасының эфирлік уақытының жоспарлы уақыт аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына қарай, Үгіт материалдарының эфирге жоспарлы шығуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын әзірленеді.

«Qyzyljar» теле-, радиоарнасында эфирлік уақыт беру төмендегі Үгіт материалдарын орналастыру жолымен жүзеге асырылады:

1) қазақ тілінде хронометражы 10 (он) секундтан кем емес және 60 (алпыс) секундтан аспайтын аудио және бейнероликтер;

2) арнайы репортаждар;

3) өзге де Үгіт материалдары.

Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің СҚОФ басшысының атына жазған жазбаша өтініші эфирлік уақыт беру туралы шарт жасау үшін негіздеме болып табылады.

Үгіт материалдарының саны, хронометражы, эфирге орналастыру жоспарланған күн мен уақыт Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, кейіннен олар шарт талаптарымен бекітіледі.

Өтініш Кандидаттың өтініштерін тіркеу журналында, кезектілік тәртібімен, әр жазбаша өтінішке реттік нөмір тағайындау және өтініштің келіп түскен күнін белгілеу жолымен тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі керек:

1) кандидатты тіркеу құжатының көшірмесі;

2) Кандидаттың уәкілетті өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі.

«Qyzyljar» теле-, радиоарнасының эфирінде Кандидаттың Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не болмаса, егер өтініштер бір уақытта келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын СҚОФ белгілейді.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте, сұратылып отырған уақыт ертерек жүгінген басқа Кандидатқа берілген болса, немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты берілуі мүмкін болмаса, СҚОФ  «Qyzyljar» теле-, радиоарнасының техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып Кандидаттың үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.

Үгіт материалдары «Qyzyljar» теле-, радиоарнасында эфирге жоспарлы шығуына дейін кем дегенде күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын ұсынылуы тиіс.

Үгіттік аудиовизуалдық материалдар (бейнероликтер) DVCPRO HD немесе XDCAM HD 50 Мбит/сек кодталған форматта, profile 4:2:2, секундына 25 кадр, HD стандартындағы кадр өлшешімімен, өрістету түрі interlaced, өрістерді құру жолы: үстіңгі бірінші өріс (top field first) кадрдың қатынасы16:9, біріктірілген дыбыспен және көрсетілген тайм-кодпен ұсынылады. Аудиосүйемелдеу келесі объективті және субъективті техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс: серпінді диапазон кемінде 40дБ; жиіліктік диапазон кемінде 20Гц-20000Гц; студиялық жазбада бейсызықтық бұрмалау коэффиценті 1%-дан артық емес; сигналдың акустикалық ревербациясы («жаңғырық») болмауы тиіс; сөйлеудің 100% анықтығы болуы тиіс; жазбада бөтен дыбыстар, шулар, кедергілер естілмеуі тиіс; 1-2 дыбыс жолақтары үшін түйістірілген дыбыс (оң және сол дыбыс жолақтары қайталануы тиіс) қажет; 3-4 дыбыс жолақтары үшін ажыратылған дыбыс қажет.

Үгіттік аудиоматериалдар (аудиороликтер), WAV-форматында-дискреттеу жиілігі -48000 Гц, разрядтылығы – 24 бит, стерео, жазба деңгейі -9-дан -6 дб-ға дейінгі файлда ұсынылады. Үгіт материалдар сыртқы тасуыштарда (қатты диск, флеш карта) беріледі. Электрондық тасымалдағышпен бірге эфирлік уақыт беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің түсіндірмесі, суреттері Үгіт материалдарында пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары, жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың суреттері пайдаланылған жағдайда – ата-аналарының, қамқоршыларының, жанашырларының жазбаша рұқсаттары беріледі.

Үгіт материалдарында олардың төленуі, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе визуалды ақпарат болуы тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған Кандидат олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамаға сәйкес болуына дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген тәртіп пен талап бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарт талаптары бұзылған кезде Үгіт материалдарын эфирге шығару жүргізілмейді не болмаса бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.

Егер Үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық және тектік араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру идеялары болса, СҚОФ  оларды эфирге шығарудан бас тартады.

СҚОФ Үгіт материалдарында басқа да Кандидаттардың арына, намысына немесе іскерлік беделіне зиян келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда оларды эфирге шығарудан бас тартуға құқылы. Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфирлік уақытты беру тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

 

«Qyzyljar» теле-, радиоарнасында

Үгіт материалдарын орналастыру құны және тілі

Теле-, радиоарна атауы

Орналастыру тілі

1 минуттың құны, теңгеде, соның ішінде ҚҚС

1

«Qyzyljar» теле-, радиоарнасы

Қазақ, орыс

3 300

2

«Қазақ радиосы»

радиоарнасының эфиріндегі өңірлік енгізілімдер

Қазақ, орыс

650

 

Жасалған шарт бойынша «Qyzyljar» теле-, радиоарнасында

Үгіт материалдарын таратқаны үшін төлем жасау СҚОФ  ұсынған төлем шоты негізінде, шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

СҚОФ жазбаша өтініштерді сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін күнтізбелік 3 күн бұрын 2021 жылғы 15 қыркүйектен (жергілікті уақыт 18:00 кейін) бастап, 2021 жылғы 20 қыркүйекті қоса алғандағы мерзімге дейінгі аралықта, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, сағат 10:00 бастап сағат 18:00 дейін (жергілікті уақыт бойынша), (үзіліс уақыты – сағат 13:00 бастап сағат 14:00 дейін), төмендегі мекенжайлар бойынша қабылдайды:

 

  •  «Qyzyljar» телеарнасында және «Қазақ радиосы» радиоарнасының эфиріне өңірлік енгізілімде орналастыру үшін Петропавл қ., Брусиловский көш., 1;

 

              Жазбаша өтініштер факсимильдік және Интернет байланыс арқылы қабылданбайды.

 

«Қазақстан» РТРК» АҚ СҚОФ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРУ 12 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ
20:41, 23 қыркүйек 2021
COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРУ 12 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...
ҚҰНЫ 600 МЛН ДОЛЛАР БОЛАТЫН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:37, 23 қыркүйек 2021
ҚҰНЫ 600 МЛН ДОЛЛАР БОЛАТЫН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...