ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АЛТЫНШЫ КАСПИЙ САММИТІ ӨТТІ

20:30, 30 маусым 2022

Каспий теңізін қорғайтын халықаралық ұйым құрылуы мүмкін. Ашхабадта өткен алтыншы Каспий саммитінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Иран мен Түрікменстанға ортақ хатшылық құру мәселесін жеделдетуді ұсынды. Өйткені стратегиялық маңызға ие көк айдынды бірігіп қорғау маңызды. Әрі «Ақтау Конвенциясын» тездетіп іске асыруға шақырды. Маңызды құжат 4 жыл бұрын қабылданса да, әлі күшіне енбеді. Жалпы Каспийдің көліктік әлеуеті зор. Кәрі Құрлықты Орталық Азиямен әрі Қытаймен байланыстырып жатыр. Осы бағыт бойынша біздің елден тасымалданатын жүк кейінгі 5 айда екі жарым есе ұлғайған. Ал, Каспий маңындағы өзге мемлекеттермен тауар айналымы 9 процентке өсті. Тоқаев көрсеткішті арттыру үшін, "теңіз арқылы тек металл, химиялық өнімдер емес, азық-түлік тасымалын да ұлғайту керек" деді. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- 1 миллион тоннадан артық майлы дақылды сататын мүмкіндігіміз бар. Сонымен қатар Қазақстан ет пен сүт өнімдерінің экспортын ұлғайта алады. Каспий маңындағы елдер арасында тауар тасымалын арттыру үшін заманауи логистикалық инфрақұрылымды дамыту керек. Сондықтан Каспий маңында азық-түлік хабын құруды ұсынамыз. Қазақстанда жаңа үлгідегі көтерме-тарату орталықтарының құрылысы басталды. Ол жерде технологиялық жүйемен жұмыс істейтін қоймалар болады әрі азық-түлік тауарын сатуға жағдай жасалады. 

Экономиканы еселеумен қатар, көк айдынның экологиясы да күн тәртібінен түскен емес. "Әсіресе теңізге кеп құятын Жайықтың жайы жанға батады" деді президент. Өзен тартылып барады. Бір кездері балығы тайдай тулаған Жайықта балық қоры азайған. Тиісінше Каспийде де кеміді. Қазақстан мен Ресей бірігіп, әрекет етіп жатыр. Енді осы іске қалған үш ел қолғабыс етсе игі. Өйткені итбалық пен бекіре де жойылып барады. Экологтардың бірі мұны браконьерден көрсе, басқасы «бұған себеп – мұнай» дейді.  

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Былтыр Қазақстан мен Ресей арасында Каспий итбалығын қорғау жөніндегі бірлескен жұмыстардың бес жылдық жоспары бекітілді. Сонымен қатар 1974 жылдан бері теңіздің солтүстiк бөлiгiнде Қазақстан мен Ресейдің қорықтық аймағы жұмыс істейді. Алайда, атқарылып жатқан жұмыстар итбалықты қорғауға жеткіліксіз. Сондықтан біз қорықты, ерекше қорғалатын табиғи аумақ ретінде қайта құру мәселесін қарастырып жатырмыз. Каспий маңындағы елдерді Қазақстан мен Ресейдің бастамасын қолдауға және осы іске жұмылуға шақырамын. 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
20:32, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
Толығырақ...
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
20:30, 21 шілде 2022
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
17:17, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар