ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АШЫҚТЫҚ ПЕН ДЕМОКРАТИЯ - НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ БІРІ

20:33, 2 маусым 2022

Ашықтық пен демократия - Жаңа Қазақстанның негізгі құндылықтарының бірі. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «AMANAT» партиясы жанындағы «Талқылау» диалог алаңының отырысында осылай деді. Конституциялық реформа Ата заңға түзетулер енгізумен шектелмейді. Алдағы уақытта Парламент бірқатар жаңа заңдар қабылдап, қолданыстағы кейбір құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Бұл жұмыс жыл соңына дейін жалғасады. Жоғарғы палата спикері жаңғырудың мақсаты – ашық, теңгерімді, демократиялық саяси жүйе және бәсекеге қабілетті, әділ, сыбайлас жемқорлықсыз экономикалық орта құру екенін айтты.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- «Осы референдумға шығарып жатқан Конституциялық өзгерістер, реформалар Жаңа Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған қадамдар екенін бәріміз білеміз. Жаңа Қазақстан дегеніміз Президентіміз айтқандай, ең алдымен әділетті Қазақстан. Әділетті Қазақстан дегеніміз – біріншіден заңның үстемдігі, екіншіден барлық азаматтарға бірдей тең мүмкіндіктерді беру дегенді білдіреді». 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
20:32, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
Толығырақ...
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
20:30, 21 шілде 2022
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
17:17, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар