ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

«ASHYQ» ЖҮЙЕСІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНҒАН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ЖАСАЛМАҚ

20:33, 30 шілде 2021

Алдағы аптадан бастап індет өршіп тұрған аймақтарда кәсіпкерлер тек «Ашық» жүйесімен жұмыс істеуі тиіс. Өйткені, бұл жоба эпидахуалды бақылаудың тиімді жолы болып тұр. Одан бөлек, кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне де мүмкіндік береді. Сондықтан, қазір жүйеге тіркелу жеңілдеп, құжат рәсімдеу мерзімі 7 күннен 2 күнге қысқарған. Сондай-ақ, «Ашықта» көрсеткіші жақсы көшбасшылардың жұмыс істеу уақыттары да ұзармақ.

Індет өршіп тұрған өңірдің бірі – Алматы. Қызыл аймақта тұрған қалада «Ашық» жүйесі 2-шілдеде енгізілген. Пилотты жобаға алғаш болып ірі сауда орталықтары қосылған. Өйткені, мұндай орталықтарға күніне 25 мыңдай адам келеді. Мәселен, бір орталықтың өзіне 1 айда 30 адам «қызыл мәртебемен» келген. Індет басталғалы қиындықтан көз ашпаған кәсіпкерлер жұмысты жалғастыру үшін де, қауіпсіздік үшін де «Ашық» жүйесі тиімді екенін айтады.

БАУЫРЖАН СЕРАЛИН, «DOSTYK PLAZA» САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Бизнес пандемия басталғалы бері басымызды көтере алмай жатырмыз. +05:54 Қазір міне, «Ашықтың» жақсы жері, біз 1 айдан бері жұмыс істеп жатырмыз ғой. Ашық біріншіден бизнеске үлкен көмек. 

- Үкімет қазір айтып отыр. Сендерге ашықтың қатысушылары ретінде өздерің жауапкершілікті алыңдар. Мұндай талапқа біз дайынбыз. Әрине бұл қосымша шығын талап етеді. Дегенмен жұмыс орындарын сақтап қалу үшін + орындауға тырысамыз.

Шаһарда халық көп жиналатын орынның тағы бірі – Көк базар. Мұнда күніне 10 мыңнан астам адам келеді. Бір айда «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 33 азамат анықталған. Ал, базар ұжымы қосымшаның көмегімен оларды дер кезінде кері қайтарып, вирустың кең таралуының алдын алған.

ГАУХАР ЖАМАУБАЕВА, «КОМПАНИЯ «ДОСТАР КОММЕРЦ» ЖШС ЗАҢГЕРІ:

- Ашық программасының енгізілгені бізге ең тиімдісі бұл например жаңағы қызыл сары мәртебелі адамдар келушілерді кіргізбеу, сол себептен де барлық жалға алушылар жұмысшалыр коронавирус жұқтыру қаупі азайды.  Ашық жобасы бизнес субьектілеріне, тұрып қалмауына мүмкіндік береді.

Қазір бұл жүйеге 45000-нан астам бизнес объектілері мен 4 миллионнан астам қолданушы тіркелген. Осы уақытқа дейін 23 мыңнан астам адамның «қызыл» және «сары» мәртебесі белгілі болды. Яғни, президенттің бастамасымен қолға алынған жоба тиімділігін көрсетті. Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «ASHYQ» жобасын  белсенді қолданушы кәсіпкерлермен кездесті. Шағын және орта бизнес жұмыс істеуі үшін жағдай жасалатынын айтты. Тек азаматтардың денсаулығы үшін жобаны кеңірек қолдануға шақырды.

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Балансты бірге қарастыруымыз керек. Мына дельта штамының бір қиын жағдайы бұрынғы штаммдарға қарағанда 60 пайыз тез тарайды. Сондықтан, осы жағдайды да сіздерге де жүрген орталарыңызда түсіндіріп айтқан дұрыс қой деп ойлаймыз. Жақсылап түсіндіріп елге айтатындай  жүректеріне жететіндей қылып, жақсылап түсіндіріп айтатын азаматтар керек. Соны бірге шығайық, бірге осыны бәрін түсіндіріп айту керек.

Жиында «ASHYQ» жобасы көшбасшыларының қоғамдық қозғалысын құру туралы шешім қабылданды. Өйткені, қазір шағын және орта бизнес пен кәсіп саласында 2 миллионнан астам адам жұмыс істейді. Ал, бұл жүйе осындай қиын жағдайда бизнестің тұралап қалмауы үшін тиімді. Сонықтан, кәсіпкерлерді ынталандыру үшін жоба көшбасшыларына демалыс күндері де жұмыс істеуге мүмкіндік беру қарастырылмақ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРУ 12 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ
20:41, 23 қыркүйек 2021
COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРУ 12 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...
ҚҰНЫ 600 МЛН ДОЛЛАР БОЛАТЫН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:37, 23 қыркүйек 2021
ҚҰНЫ 600 МЛН ДОЛЛАР БОЛАТЫН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...