ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АТА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР КҮШІНЕ ЕНДІ

20:30, 8 маусым 2022

Сонымен ел жаңа Қазақстанды құруға көшті. Жалпыхалықтық сайлауда көпшілік қолдаған конституциялық өзгерістер бүгін ресми түрде заңды күшіне енді. Тұтас саяси жүйе жаңғыру жолында. Мықты Парламент, мажаритарлық сайлау, Президент туыстарын билікке жақындатпау секілді бастамалар іске асып жатыр. Енді Қазақстан халқы жаңарған ата заңның тәртібіне сай өмір сүреді .

Тәуелсіз Қазақстан тарихында бірінші рет басты заңға енетін түзетулер референдум арқылы шешілді. 5-маусымға дейін елімізде жаппай түсіндіру жұмыстары жүрді. Осылайша дауыс бергендердің 77 пайыздан астамы өзгеріске қолдау білдірді.

Жалпы ата заңның 33 бабына 56 түзету жасалды.  Бұл бес бағыт бойынша құқықтық негіз қалыптастыруға арналған. Яғни суперпрезиденттік бас¬қару үлгісі¬нен президенттік респуб¬ликаға түбегейлі көшу. Бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу. Парламенттің рөлін күшей¬тіп, мәртебесін арттыру. Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту және азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру қарастырылған

 АЯН САКОШЕВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

- Бұл реформалар бір күндік реформалар емес. Яғни жүйелі, бірнеше жыл қатарынан жүретін, еліміздің дамуын келесі бір сатыға көтеретін демократиялық реформалар деп білеміз. Яғни ең біріншіден халық қандай мәселелерді көтереді сол мәселелерді мемлекеттік органдар шешумен айналысуы керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев «суперпрезиденттік» басқару жүйесінен бас тартып, қолындағы билікті бөліп берді. Ол өз өкілеттігінің бірқатарын Парламентке беріп, заң шығарушы органның ықпалын арттырып отыр. Иә, расында монополия жақсылыққа апармайды. Мейлі ол саясат, мейлі ол экономикада болсын. Ашық әрі әділ бәсекелестік - мықты, белсенділердің суырылып алға шығуына әркез жол ашқан, дейді Ерлан Саиров.

ЕРЛАН САЙЫРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Аймақтардағы бюджеттік процесс қалай болып жатыр? Соның бәріне Мәжіліс бақылау жасап ғана емес, парламенттік тексеру де жасайды. Бұл Мәжілістің заң шығару рөлін ерекше, басқа бір деңгейге көтереді. Мәжілістің рөлі артқанымен, миссиясы да, жауапкершілігі де артады. 

Жаңа өзгерістерге сәйкес енді үкіметтің ерекше құзыреті болады. Яғни, төтенше не шұғыл жағдайларда министрлер кабинеті заң жобасын әзірлеп оны парламент жедел қарауы тиіс. Мәселен пандемия, қаңтар оқиғасы сынды жағдайларда жедел әрекетке қағазбастылық кедергі келтіріп, уақыт ұттырып алған жағдайлар болды. Енді бұл проблема кедергі емес. Бұдан бөлек үкімет заң күші бар нормативтік-құқықтық акт қабылдай алады.  Яғни енді атқамінерлер бұрынғыдай «заң бұны істеуге кедергі, бұл жұмыс ұзақ процесс» деп ақтала алмайды. Ел аумағындағы кез-келген мәселені жедел шешуге мүмкіндік болады.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
20:32, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
Толығырақ...
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
20:30, 21 шілде 2022
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
17:17, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар