ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ

17:15, 21 шілде 2021

Шілденің 25-і ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді. Өкілеттік мерзімі аяқталатын әкімдерді тікелей сайлауды енгізу қажеттігі туралы шешімді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Облыста бұл сайлау 13 ауданда да өтеді. Бүгінгі таңда өңірде 218 үміткер тіркелді. Соның 22-сі Есіл ауданында. Сайлау 7 ауылдық округте өтпек.

Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округ әкімдерін сайлауға санаулы күндер қалды. Сайлауға қатысам деушілердің 150-і  өзін-өзі ұсынса, 68-і түрлі саяси партиялардан. Есіл ауданында 22 кандидат тіркелді. 20-ы Нұр Отан, 1 Ақ Жол және 1 адам Қазақстан Халық партиясынан. Сайлауға 7 ауылдық округ қатысады. Бұл дегеніміз шілденің 25-і 9 мыңнан астам сайлаушы өз таңдауын жасайды.

ҚАЙРАТ ӘБІЛҒАЗИН, ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бүгінгі күні дайындық жүріп жатыр. Үгіт-насихат жұмыстары болып жатыр. Кандидаттар өздерінің сайлау алды бағдарламаларымен бүкіл жерлерді аралап, халықтың сұрақтарына жауап беріп жатыр. Бізде 12 изберательный участок бар. Сайлау дер кезінде өтеді деп ойлаймын.

Аудан тұрғындарының арасында әсіресе зейнеткерлер мен жастар өте белсенді.

- Ауыл әкімін өзіміз таңдай алатынымыз қуантарлық жайт. Себебі, бұл жұмысқа осы өлкені және тұрғындарды жақсы білетін азамат лайық. Шілденің 25-і өзімнің сайлау учаскеме барып, әкімі болуға лайықты дегенге дауыс беремін.

- Сайлауға қатысып, өз туған ауылыма әкімді таңдау мүмкіндігі берілгеніне қуаныштымын. Бірнеше күннен бері үміткерлер келіп, үй-үйді аралап жүр. Барлығы да өздерінің сайлау алды бағдарламаларымен таныстырып жатыр. Жоспарлары мен мақсаты айқын. Араларында жастар да көп екен.

Ауылдық округ әкімі лауазымына үміткерлердің ең жасы 27-де. Халық тіркелген 218 кандидаттың 70-ін дауыс беру арқылы таңдап алады.  Осы жолғы саяси науқанда әйелдер қауымы белсенділік танытып отырғанын атап өткен жөн. Әкім болуға үміттілердің 30 пайыздан астамы қыз-келіншектер.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРЛЕРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ КҮРДЕЛІ
20:35, 3 тамыз 2021
ӨҢІРЛЕРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ КҮРДЕЛІ
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
20:33, 3 тамыз 2021
ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ БЕРДІБЕК САПАРБАЕВҚА СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 3 тамыз 2021
ПРЕЗИДЕНТ БЕРДІБЕК САПАРБАЕВҚА СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...