Ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа сатуға шектеу қою керек. Премьер-Министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында алдымен ішкі нарықты қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Ауыл шаруашылығы министрі ішкі нарықты толықтыру үшін бірқатар жұмыстардың пысықталып жатқандығын жеткізді. Биыл 1 шілдеге дейін күнбағыс пен күнбағыс майы экспортына шектеулер енгізіледі. 3 ай картоп пен сәбіз экспортына, ірі қара мал мен ұсақ малды 6 ай сыртқа шығаруға тыйым салынады. Сонымен бірге алдағы уақытта нан бағасы тұрақталуы мүмкін. «Әлеуметтік» нан өндіру үшін өңірлерде астық құнын субсидиялау мәселесі қарастырылып жатыр.