ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ

13:01, 17 мамыр 2021

Спорт саласын дамыту мақсатында облысқа  11,5 млрд теңге бөлінген. Оның 3,3 млрд теңгесі балалар мен жасөспірімдер спортына жұмсалады.   Бұл қаражатқа жаңадан спорт нысандары салынып, тозығы жеткендері қалпына келтіріледі. Оған қоса елдімекендердегі бос тұрған мәдениет үйлерінің ғимараттары ретке келтіріліп, мәдени-сауықтыру орталықтары етіп қайта құрылады.   Облыстық әкімдікте өткен отырыста  өңірде балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мен ветеринарлық-санитарлқы қауіпсіздікті қамту мәселелері қаралды.  

Ел намысын қорғайтын чемпиондарды өсіру үшін, оларға тиісті  жағдай жасалынуы қажет.  Бүгін өңірде 2891 спорт нысаны жұмыс істейді.  Өткен жылы олардың қатары 107 –ге көбейді Облыста  балалар мен жасөспірімдер  спорт мектебінің 27-сі жұмыс істейді.  Дене шынықтыру және спорт басқармасы жетекшісінің айтуынша,  бұл жұмыс биыл да жалғасады.

СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, СҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Жыл басынан бері Булаев пен Мамлютка қалаларында екі хоккей корты қолданысқа берілді.  5 денешенықтыру мен сауықтыру кешені мен  2  хоккей корты салынып жатыр.  Биыл тағы 4 кешенді және 7 кортты тұрғызу жоспарланған. Спорт мектебі мен колледж студенттеріне 244 орындық жатақхана салу жоспарланған. 

Бұқаралық спортты дамыту мен балаларды спортқа тарту үшін бірқатар жаңа спорт үйірмелері ашылғалы жатыр.  Араларында аударыспа, көкпар тарту, теңге ілу, бәйге сияқты ұлттық спорт түрлері де бар.  Осы айдан бастап  мемлекеттік тапсырыс бойынша  4 пен 17 жас аралығындағы балаларға тегін спорт секциялары мен үйірмелер жұмыс істейд. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Президенттің тапсырмасы бойынша,  биыл спорт және шығармашылық тапсырыс үшін қаражатты артырып,  ақылы жаттығып жүрген бір мыңнан астам бала үшін үйірмені тегін қыламыз.  Қазір заманауи, көп салалы спорт кешенін тұрғызу жөніндегі ауқымды жобаны құрып жатырмыз.  3 мың көрерменге шақталған, 25 мың шаршы метр жерді алатын, спорт түрлері үшін үлкен кешен болмақ.

Облыс әкімі қаланың шеткері аудандарында спорттық инфрақұрылымды дамыту қажеттігін айтып, қала әкіміне ұсыныс беруді тапсырды.  Өткен жылы ауылдық мәдениет үйлерін қайта жабдықтап, мәдени сауықтыру орталықтары ашыла бастады. 

- Бүгін 269 мәдениет үйідің 61-рі қайта құрылды. Енді мұнда тенниспен, фитнеспен және  бимен айналысуға болады.  Бұл жұмысты биыл да жалғастырып,  спорттық жабдықпен толықтыру қажет. Бұл мақсатқа бюджетте қаражат қарастырылған. 

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Динамо стадионы күрделі жөндеуден өтіп,  футбол алаңы салынып,  жаттығу жабдығы орнатылды, биыл мұнда жүгіру жолағы салынады.  Спорт саласы мамандарын даярлау мақсатында 2018 жылы мамандандырылған мектеп интернат-колледж ашылып, алғашқы түлектер биыл оқуын тәмамдап, жаттықтыру қызметіне кіріседі.                 

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА  ЕКПЕ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ

Жиында көтерілген келесі мәселе  үй жануарларын вакцинациялау. Жазға дейін облыста 3 млн жуық мал 8 аса қауіпті және 3 экзотикалық ауруларға қарсы егіледі. Жұмыс барысында  745 мың жануар зерттеледі..  Бүгінге дейін бруцелез ауруы  164 малда анықталды.  Оның 124-ті Есіл ауданының Қарағаш ауылында. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ветеринарлық қызмет ауруды дер кезінде анықтаған жоқ. Салдарынан қаншама мал қырылып, адамдарға қауіп төнді.  Мал мен етті дұрыс тасымалдамау - қауіпті аурулардың тууына әкеледі.   Жыл басынан малды заңсыз тасымалдаудың 39 жағдайы тіркелді.  Олар негізінен Тайыншы, Аққайын, Мамлют, Ғ.Мүсірепов  аудандарында болған.

Жыл басынан етті дұрыс тасымалдамауға қатысты 35 дерек тіркелді. . Өңір басшысының пікірінше, бұған тиісті қадағалаудың болмауы себеп.  Жиында мал қорымдарын салу мәселесі де қарастырылды.  Биыл осындай 26 нысан тұрғызу жоспарланған.  Әр қайсысының құны шамамен 10-15 млн теңге.   

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мал қорымдары қажет.  Бруцеллезбен күресу үшін зарарсыздандыру жеткіліксіз. Ауру малды жою керек. Мал қорымы деген - ені мен қабырғасы 3 метр, тереңдігі 9 метр бетонмен қапталған шұңқыр.  Үстінде шатыры болуы керек. Сондықтан оған көп қаражат қажет емес.

Жиында айтылғандай әр елді мекенде осындай мал қорымдары болуы шарт. Бұл - қауіпті дерттердің таралуына жол бермей, мал иелеріне жойылған түлік үшін өтемақы алуға септеседі.  Өңір басшысы жұмысты аяқтауға  9 ай уақыт берді. 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
13:01, 11 маусым 2021
ПРЕЗИДЕНТ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
СЕНАТ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
20:38, 10 маусым 2021
СЕНАТ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ТУРА...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАР 6,3 ПАЙЫЗҒА ҚЫМБАТТАДЫ
20:36, 10 маусым 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАР 6,3 ПАЙЫЗҒА ҚЫМБАТТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...