ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

АВТОЖОЛДАРҒА ТИІСТІ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛЕ МЕ?

20:33, 13 қаңтар 2022

Ескірген материалдық-техникалық база, бәсекелестіктің әлсіздігі және жөнделген жолдарға бақылаудың болмауы. Бүгін Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен алқа отырысында осы мәселелер көтерілді. Неліктен жыл сайын жолдарды жөндеуге қомақты қаражат бөлінеді? Бірақ нәтиже жоқ. Әріптесім айтып берсін.

Облыстағы автожолдардың сапасына қатысты көп сын айтылады. Мұны өңір басшысы  Құмар Ақсақалов алқа отырысында атап өтті. Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының мамандары 283 рет жолға шығып, 313 сынама алған. Нәтижесінде 347 заңбұзушылық анықталды. Техникалық қадағалаудың жеткіліксіздігі көп жағдайда осындай ескертулерге әкеледі. Негізі әр нысанда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде міндетті түрде бір маман жауапты болуы керек. Алайда көбінесе сол адам бірден 4, 5 учаскеге жетекшілік етеді. Соның салдарынан орындалған жұмыстардың сапасы сын көтермей жатады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жолдардың жөндеу сапасын бақылайтын зертхана өте қатаң жұмыс істеуі керек. Ымырашылдыққа жол берілмеу қажет. Бұл – заңмен тыйым салынған. Көп жағдайда жолға тексеріс жүргізілгеннен кейін олқылықтар табылады. Кейін сіздер барлық бұзушылықтар 100 %-ға жойылды дейсіздер. Бұны қалай түсінуге болады? Онда біздің жолдар барлық кепілдік мерзімге шыдас беріп, қалыпты жағдайда болуы керек. 

 Әдетте қағаз жүзінде бәрі жақсы. Ал іске келгенде біраз сауал туындайды. Жыл сайын жолды қалпына келтіруге бюджеттен қыруар қаржы бөлінеді. Былтыр оған 24,5 миллиард теңге жұмсалса, қазірдің өзінде 17 миллард теңге бекітілген. Жүргізілген жөндеуге тиісті бақылау болмағандықтан шамамен әр екі жыл сайын жаңа асфальт төсеуге тура келеді. Құмар Ақсақалов бұл мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Кое-кто монополизировал рынок, пользуясь всякими пробелам в законодательстве уходит от ответственности.

Кейбіреулер заңдағы қайшылықтарды  пайдалана отырып, жауапкершіліктен құтылады. Бұл қалай болғаны? Бәрін ретке келтіру керек. Қабылданған шаралар туралы маған хабар беріңіздер.

 Өңір басшысы көліктік бақылау инспекциясының жұмысын да сынға алды. Ауыр жүк таситын көліктер жол жабындысына айтырлықтай әсер етеді. Жолды құртатын көбінесе карьерлерлерден шығатын жүк көліктері. Былтыр осыған қатысты 90 әкімшілік хаттама толтырылып, кінәлі тұлғаларға қатысты 211 іс қозғалды. 

Енді жағымды жаңалықтарға ойыссақ. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста 813 шақырым автожол жөндеуден өтті. Облыстық және ауылішілі жолдар да қамтылған. Айталық 44 елді мекенде 189 шақырым жол қалпына келтірілді. Бұл мақсатқа бюджеттен 4;5 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген.

МАҚСАТ БАЯХМЕТ, СҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Биыл 17,7 миллиард теңгенің бюджеті бекітілді. Оның аясында 372 км жол қамтылады. Және 295 шақырым жолдың жөндеу жұыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Көше-жол желісі бойынша осы жылы өңірдің барлық ауданындағы елді мекендердегі жолдарды жөндеуге 16,4 миллиард теңгеге қосымша сметалық есептер дайындалды. Тек республикалық бюджетті нақтылау қажет.»

Биыл да автожолды жөндеуге ерекше көңіл бөлінеді. Бірақ, тиісті бақылаусыз алға қойылған міндеттерге қол жеткізу мүмкін емес. Өңір басшысы барлық жауаты органдарға осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

 

Тақырып бойынша материалдар

 ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫСҚА ОТАНДЫҚ МАМАНДАРДЫ ТАРТУДЫ ТАПСЫРДЫ
20:35, 21 қаңтар 2022
ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫСҚА ОТАНДЫҚ МАМАНДАРДЫ ТАРТУДЫ ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫН АЙТТЫ
20:34, 21 қаңтар 2022
ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫН АЙ...
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫН СЫНҒА АЛДЫ
20:33, 21 қаңтар 2022
ПРЕЗИДЕНТ «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫН СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУҒА КӨШТІ
13:00, 17 қаңтар 2022
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУҒА КӨШТІ
Толығырақ...