ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

БАЙҚОҢЫРДАҒЫ «БӘЙТЕРЕК» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ

20:35, 11 қараша 2021

Бүгін Сенатта еліміздегі ғарыш саласын дамыту туралы Заң қабылданды. «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» кешенін құру туралы алғашқы келісім Қазақстан мен Ресей арасында 2004 жылы жасалған. Ал былтыр оған өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды. Бұл хаттама «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін бюджеттік несиеден босатуды көздейді және оның жүктелуіне кепілдік береді.  Аталған жобада Ресей тарабы тасымалдағыш зымыранды дайындайды. Ал Қазақстан қолданыстағы «Зенит-М»  ғарыш зымыран кешенінің жерүсті инфрақұрылымын жаңартады. «Бәйтерек» жобасындағы мақсаттың бірі – экологиялық таза зымыран тасығыштарды қолдану. Сонымен қатар бұл жоба Қазақстанға әлемнің ғарыш державалары клубына мүше болуға жол ашады.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

- «Байтерек» ғарыш зымыран кешені Қазақстан мен Ресейдің «Байқоныр» ғарыш айлағындағы бірлескен маңызды жобасы. Бүгін қаралған Хаттама Қазақстан тарапының осы жобаға қатысу үлесін арттырады. Қабылданған Заң екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға және Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға өз үлесін қосады деп сенеміз».

 

Тақырып бойынша материалдар

СЕНАТ МЕМЛЕКЕТТІК БАСТАМАЛАРДЫ ЕЛБАСЫМЕН КЕЛІСУ ҚАЖЕТТІЛІГІН ЖОЮДЫ ҰСЫНДЫ
20:34, 27 қаңтар 2022
СЕНАТ МЕМЛЕКЕТТІК БАСТАМАЛАРДЫ ЕЛБАСЫМЕН КЕЛІСУ ҚАЖЕТТІЛІГІН...
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ҚАРУ-ЖАРАҚТЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ЖАЗАНЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
20:33, 27 қаңтар 2022
ДЕПУТАТТАР ҚАРУ-ЖАРАҚТЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ЖАЗАНЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
МИНИСТРЛІКТЕР БИЫЛҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ
20:32, 27 қаңтар 2022
МИНИСТРЛІКТЕР БИЫЛҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...