ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАСА НАЗАР АУДАРУ ҚАЖЕТ

17:15, 9 қараша 2021

Жыл басынан өңірде балалардың қатысуымен 30-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 3 бала қаза тапқан. Ал 15 жеткіншек түрлі жарақат алды.

Бұл жайлы ведомствоаралық комиссия отырысында әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов мәлім етті. Статистикаға сүйенсек, көбінесе жазатайым жағдайлар білім беру ұйымдарының айналасында жолақтардың, белгілердің және жарық шамдарының жоқтығынан болады. Осыған байланысты тәртіп сақшылары арнайы тексеріс жүргізді. Жол бойында немесе көшелерге жақын орналасқан 321 мектептің бірде-біреуі тиісті талаптарға сәйкес келмеген. Олқылықтарды жою үшін 536 ұйғарым берілді. Осы күнге дейін оның тек 125-і орындалған. Қалған талаптардың орындалмауына қаражаттың жоқтығы себеп болып отыр. Мәселе, әсіресе, Аққайың мен Шал ақын аудандарында өткір тұр. Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов жауапты тұлғаларға кемшін кеткен тұстарды түзетуді тапсырды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
 - Тапсырмаға сәйкес қандай да бір амал қолданбайтын әкімдер өз орындарын босатуы мүмкін. Жол белгілерін орнату бойынша жұмыстар әлі аяқталған жоқ. Бұлай қалдыруға болмайды. Істі қысқа дейін тындыру керек.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СЕНАТ МЕМЛЕКЕТТІК БАСТАМАЛАРДЫ ЕЛБАСЫМЕН КЕЛІСУ ҚАЖЕТТІЛІГІН ЖОЮДЫ ҰСЫНДЫ
20:34, 27 қаңтар 2022
СЕНАТ МЕМЛЕКЕТТІК БАСТАМАЛАРДЫ ЕЛБАСЫМЕН КЕЛІСУ ҚАЖЕТТІЛІГІН...
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ҚАРУ-ЖАРАҚТЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ЖАЗАНЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
20:33, 27 қаңтар 2022
ДЕПУТАТТАР ҚАРУ-ЖАРАҚТЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ЖАЗАНЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
МИНИСТРЛІКТЕР БИЫЛҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ
20:32, 27 қаңтар 2022
МИНИСТРЛІКТЕР БИЫЛҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...