ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

БАЛАЛАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖОСПАР ЕСЕПКЕ ҒАНА ҚҰРЫЛҒАН

20:33, 4 мамыр 2022

Балаларға бөлінген қаржы талан-таражға түспесін. Мәжілісте осы мәселеге қатысты вице-премьер Ералы Тоғжановқа екі сауал жолданды. Былтырдан бері жеткіншектерді бұқаралық спорт және шығармашылық үйірмелерімен қамту іске асуда. Бірақ, оқушыларды жәй ғана тіркеп қойып, мемлекеттік тапсырыс жөн-жосықсыз игеріліп жатыр. Тіпті, заңды тұлғалардың көпшілігі сол мемлекеттік тапсырысты орналастырушы орган қызметкерлерінің туысқандары екені айтылып жүр. Ал, бұл бағытқа 5,8 млрд теңге қаралған. Биыл 2 млн 500 мыңға жуық бала қосымша білім берумен қамтылуы керек. Ондай мүмкіндіктен ауыл балалары да қалыс қалмағаны маңызды.

АМАНЖОЛ ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Еліміздің келешегі, ұлт болашағы болып табылатын балалардың несібесіне қол салуға жол бермеуіміз керек. Мемлекеттік тапсырысты алып отырған заңды тұлғаларға қойылатын талаптар күшейтілсін. Қосымша білім беруге орналастырылған мемлекеттік білім беру тапсырысын бақылау, мониторинг жүргізу тетіктері бекітілсін. 

Ал, Динара Зәкиева балалар жылында қордаланған проблемаларды шешу жоспарланбағанын айтты. Керісінше акциялар мен жиындар өткізу көзделген. 70 пайыз шара – шығармашылық байқаулар, слеттер ұйымдастыру және мектеп ашу сияқты көзбояушылыққа арналып отыр. Оның орнына оқушыларды тегін ыстық тамақпен, жазғы лагерьмен қамтыса, я болмаса ауылдарда оқушылар сарайы мен спорт нысандарын салса жарар еді дейді. Жалпы осы мақсатқа 100 млрд.тан аса теңге қаралған. Бірақ, бәрі құрғақ есеп үшін деп түйді сөзін депутат.

Тақырып бойынша материалдар

ҮКІМЕТТІК КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:35, 4 шілде 2022
ҮКІМЕТТІК КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
20:34, 4 шілде 2022
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:33, 4 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...