ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БІР КӨЗДЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ҚЫСҚАРАДЫ

20:34, 21 маусым 2022

«Самұрық-Қазына» мемлекеттік сатып алуды бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісуге міндеттеледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді. Ведомства мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру бойынша заң жобасын әзірлеп, парламент қабырғасында талқылады. Заңнамалық тұрғыда бекітілетін міндеттеме қордың  тиімсіз сатып алуын қысқарту мақсатында жасалып отыр деді вице-министр.

АБЗАЛ ӘБДІКӘРІМОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- Қордың бәсекеге қабілетсіз сатып алуын қысқарту үшін холдинг ішілік кооперация шеңберінде сатып алу тәсілі алып тасталады. Сондай-ақ, заң жобасы жеткізушілердің сатып алу тәсіліне қарамастан сатып алуға шағымдану құқығы қарастырылған. 

Заңға енгізілетін түзетулер бір көзден мемлекеттік сатып алуды  қысқартуды көздейді. Бұл сыбайлас жемқорлықты барынша азайту және бәсекелестікті дамыту мақсатында қолға алынған шара. Жалпы заң жобасында мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын тоқсан сайын бағалау, креативті индустрияны дамыту, салық түсімдерінің кей түрлерін жергілікті бюджетке беру қарастырылған.  

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
20:32, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
Толығырақ...
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
20:30, 21 шілде 2022
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
17:17, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар