ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ

20:37, 29 мамыр 2020

Бұдан былай «Болашақ» стипендиясы шетелдік оқу орындарына өз күшімен түскен азаматтарға ғана беріледі. Бүгін шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда іріктеу талаптарына қатысты өзгерістер айтылды. Енді жеңілдік тек ауыл азаматтары үшін ғана қалып отыр. Олар бұрынғыша 6 ай тілдік курстан өтеді, бірақ, IELTS-тан 6 балл жинауы тиіс. Ал басқа санаттағы барлық квота алынып тасталды. Яғни, мемлекет есебінен елімізде және шетелде тілдік тағлымдамадан өтпейді. Өз бетінше оқуға түсіп келуі тиіс. Әрі үміткерлердің шет тілін білу деңгейі  IELTS-тан 6,5 балдан  кем болмауы керек. Бұдан бөлек, конкурстық іріктеу кезеңдері алтыдан үшке яғни, екі есе қысқарды. Сондай-ақ,  халықаралық бағдарламалар орталығы енді шетелде оқытылатын мамандықтар тізімін еңбек нарығындағы сұранысқа қарай жаңартып тұрады. Стипендия елдегі кәсіпорындар мен ұйымдарына қажет кадрларға ғана берілуі тиіс. Тәуелсіз сарапшылар комиссиясына да талап қатайтылды. Отырыс қорытындысы бойынша Қырымбек Көшербаев стипендианттардың оқу және еңбекпен өтеу процесіне бақылауды күшейтуді тапсырды.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ТИІСТІ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОРҒАЛМАҒАН
20:34, 23 қыркүйек 2020
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ТИІСТІ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОРҒАЛМАҒАН
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
20:32, 23 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
«АСТАНА EXPO-2017» ЖЭС 2-КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
20:31, 23 қыркүйек 2020
«АСТАНА EXPO-2017» ЖЭС 2-КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...