ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ДЕПУТАТТАР АҚЖАР АУДАНЫНДА КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС ӨТКІЗДІ

13:01, 7 маусым 2021

Облыстық мәслихаттың тұрақты кеңесінің депутаттары Ақжар ауданында көшпелі отырыс өткізді. Кездесудің басты мақсаты 2016-2020 жылдарда ауданның дамуы. Мәслихат депутаттары шалғайдағы ауылдарда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқанына ерекше көңіл бөлді. Мәселен, Ақжар ауданында 24 ауылдың 21-інде интренет мәселесі шешіліпті. Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында депутаттар әлеуметтік маңызы бар нысандарда болып, халықпен кездесті. Тақырыпты әріптесім жалғастырсын.

Депутаттар алдымен Ақжар аудандық ауруханасында болды. Қазіргі таңда мұнда әр сала бойынша 26 дәрігер жұмыс істеп жатыр. Емдеу мекемесінде көз дәрігері маманы жоқ. Аурухана Алматы, Өскемен, Қарағанды қалалары мен ОҚОнан келген дәрігерлермен жыл сайын толығып отыр. Нұрсапар Басымбеков ОҚО тумасы, Астана медициналық университетін тәмамдап, 2018 жылы Ақжар аудандық ауруханаға анестезиолог-реаниматолог маманы ретінде жұмысқа тұрды.

НҰРСАПАР БАСЫМБЕКОВ, АҚЖАР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ АНЕСТЕЗИОЛОГ-РЕАНИМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

2018 жылы бізде жәрмеңке болды университетте, дәрігерлермен сөйлесіп, келісімшартқа отырып, осында орналастым. 3 жыл көлемінде жұмыс ітеп жатырмын. Барлық жағдай жасалған. Подъемный алдым 1,5млн, акиматтан 300 тг көлемінде. Әйелімді де жұмыспен қамтамасз етті.

Аурухана замауи құралдармен жадықталған. Мәселен, ультрадыбыстық зерттеу құрылғысының көмегімен кезексіз, алдын ала жазылу бойынша күніне 15 адамды қабылдауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, құны 18 млн тг тұратын жүрек-қан тамырлар ауруын ерте анықтау үшін «тридмилл» аппараты сатып алынған.  Мұнымен қоса, ауруханада жылжымалы диагностикалық медициналық кешен бар.

БІРЖАН ЖАЛҒАСБАЕВ, СҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Ақжар ауданына «еңбек» бағдарламасымен соңғы 3 жылда 72 отбасы немесе 262 азамат қоныс аударған. 44-і жұмыспен қамтылған болса, 30-ы жеке іс ашқан. Солардың бірі Мәукеновтер отбасы. ТОқтасын Мәукенов ОҚО ұзынағаш ауылынан 2020 жылы көшіп келіп, қазір мал бағумен айналысады.

ТОҚТАСЫН МӘУКЕН, ТАЛШЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- зіміз мал шаруашылығымен айналысып жатырмыз. Қыста мал байлап қойдық. Жазда мал бағып, қорада мал ұсатп жатырмыз. Қой сиыр, келгенімізге қарай басшылраы да жақсы қарсалып жатыр, халқы да жақсы екен .

- Ауылда тракторшы, мал бағатын адамдар тапшы, ауылда 5 табын болса, соның біреуіне жауапты.

Депутаттар Талшық орта мектебінде 2020 жылы жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесін көрді. Білім ордасының қабырғасы 1973 жылы қаланған. Облыстық қазынадан 54 млн тг бөлініп, оқу ордасының шатыры, терезелер мен есіктер, электр желілері ауыстырылған. Қазір мұнда 615 оқушы білім алып жатыр. Сондай-ақ, жақын маңдағы ақсай, ақжарқын, восход елді мекендерінен келіп оқитын балалар да бар. Ақжар ауданында былтыр «Ашық әкімдік» кеңсесі ашылған. Мұнда әкімдіктің 7 бөлімі 56 қызмет түрін көрсетеді. Оның 39-ы электронды түрде. Аудан әкімі Қанат Қалиевтің және тұрақты комиссия мүшелерінің қатысуымен  2016-2020 жылдарға арналған Ақжар ауданының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы отырыс өтті. Мұнда ауданның дамуы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша атқарылған іс-шаралар және «ақжар ауданында цифрлық қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу мәселелері қарастырылды.

АЙНАР ЖАҚСЫМБАЕВА, АҚЖАР АУДАНЫ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМНІҢ БАСШЫСЫ:

Новосельское, Қозыбас,Ақсары ауылдарында интернет жоқ. Сондайқ, Новосельское, Ақсары ауылдары шекаралас ел РФ мобильдік интренетін қолданады. Жалпы аудандағы барлық мектептедрде интернет мәселесі шешілген. 

- Мы на облатсном уровне хотим решить этот вопрос по этому ваша помощь нужна ..

Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаты, аудан жанашыры Орынбасар Ысқақова аудандағы әлеуметтік мәселелерге жеке бақылауына алған.

ОРЫНБАСАР ЫСҚАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Ақжар ауданының тұрғыны болғасын. Су мәселесі, интернет мәселесі проблема болғасын сол сұрақтарғы көтеріп жатырмыз. Қазіргі уақыттта интернет өте нашар, шамасы жетпейді. Су мәселсі есіл су су бергенімен, енді областной бюджеттен ақша сұрап жатырмыз. Резервуар қою үшін.

Барлық мәселе енді облыстық мәслихат отырысында талқыланбақ. 

Жанбота Естайқызы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
13:01, 11 маусым 2021
ПРЕЗИДЕНТ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
СЕНАТ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
20:38, 10 маусым 2021
СЕНАТ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ТУРА...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАР 6,3 ПАЙЫЗҒА ҚЫМБАТТАДЫ
20:36, 10 маусым 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАР 6,3 ПАЙЫЗҒА ҚЫМБАТТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...