ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НЫҒАЯДЫ

20:37, 27 қыркүйек 2021

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға ресми сапармен келген Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Спикері Мұстафа Шентоппен кездесті. Қос тарап ең әуелі екі ел  парламенттерінің арасындағы өзара ынтымақтастық байланысқа тоқталды. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, екі ел арасындағы қарым-қатынас көп жағдайда Қазақстан мен Түркия басшыларының және олардың арасында қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында қарқынды түрде дамып келеді. Кездесуде қазақстандық және түрік парламентшілерінің бірлескен жұмысы алдағы  мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Тараптар екіжақты және түркі институттары аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауды ертең Түркістанда өтетін ТүркПА-ның Х пленарлық отырысында жалғастырады.

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз бүгінгі кездесуімізде, екі жақты байланысты, соның ішінде, парламентаралық әріптестікті күшейту бойынша көптеген сұрақтарды талқыладық. Алдағы уақытта біздің заң шығарушы органдар арасында ынтымақтастық жөніндегі топтар, парламенттегі комитеттер арқылы іс-сапарлар және тәжірибе алмасу жұмыстарын белсенді жүргізетін боламыз. Осының барлығы Қазақстан және Түркия арасындағы достық, туыстық, әріптестік байланысты нығайтуға өз үлесін қосатыны сөзсіз.

МҰСТАФА ШЕНТОП, ТҮРКИЯ ҰЛЫ ҰЛТТЫҚ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ :

- Қазақстан мен Түркияны ортақ тарихи-мәдени дәстүрлерге негізделген тығыз қарым-қатынас байланыстырады. Түркия - Қазақстанның Тәуелсіздігін бірінші мойындаған ел. Осылайша, алғашқы дипломатиялық байланыстар орнатылды. Қазақстанды Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтай отырып, даму мен өркендеу тілеймін.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҰҚШҰ  ПАРЛАМЕНТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ОНЛАЙН ОТЫРЫСЫ
13:01, 30 қараша 2021
ҰҚШҰ ПАРЛАМЕНТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ОНЛАЙН ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АШХАБАДТА ЭЫҰ САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:33, 29 қараша 2021
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АШХАБАДТА ЭЫҰ САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...