ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТТАРДЫ АШУ ҮШІН 12 МЛРД ТГ ҚАЖЕТ

20:30, 13 маусым 2022

Елімізде жаңадан құрылған үш облыстың әкімшілік ғимарттары үшін 12 миллиард теңге қажет. Ұлттық экономика министрінің айтуынша бұл қаржы нысандарды сатып алуға, жөндеуге және жалға алуға жұмсалмақ. Өйткені Семей, Жезқазған, Қонаев қалалары аймақ орталығы болған соң, соған сай әкімшілік ғимараттары болуы тиіс. Онда түрлі басқарма және коммуналдық шаруашылық қызметкерлері орналастырылмақ. Бұдан бөлек, жаңа облыстарға тағайындалған әкімдердің үш-үштен орынбасары болады деп жоспарланған. Алайда қанша басқарма, бөлім және онда қанша маман еңбек ететіні әзірге белгісіз. Ұлттық экономика министрінің айтуынша бұл мәселе жақында шешімін таппақ.

ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

- Жақын арада мәслихат сессиясында облыстарды басқару жүйесін бекіту мәселесі шығарылады. Сол жүйе бекітілгеннен кейін өңірлерде облыс басқармалары құрылып, тиісті кадрлық тағайындау жүргізіледі. Нақты штат саны сонда анықталып, жалақы, қаржы мәселесі белілі болады. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
20:32, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
Толығырақ...
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
20:30, 21 шілде 2022
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
17:17, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар