ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

20:31, 14 қыркүйек 2021

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына барды. Тұңғыш Президент Байзақ ауданында болған жарылыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы есеп берді.

Тұңғыш Президент алдымен облыс басшысымен кездесіп, жарылыстан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатқанын сұрап білді. 

- Жарылыстан апаттың бәрін орнына келтірдіңдер ме?

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Өкінішке орай жарылыстан 17 адам қайтыс болды. Өткенде өзіңіз телефон арқылы тапсырма берген болатынсыз. 122 нысан, 102сі тұрғын үйлер 75 орташа зақым. оның бәрін қалпына келтірдік. қазір өкіметке ұсынысымды бердік. Қосымша қаржы бөлеміз деп отыр.

Қайтыс болғандарға жағдай жасалды ма?

- Біріншіден өзіңіздің , мемлекет басшысының атынан барлық отбасыға көңіл айттық.  Екінші Үкімет тарапынан 10 млн , жергілікті бюджеттен 5 млн қайтыс болған отбасыға 15 млннан қаржы бөлдік. Қосымша заңға сәйкес асыраушысынан айырылған балаларға  80мыңнанн 100 мыңға дейін жәрдемақы төленеді.

Бұдан әрі аймақ басшысы  «Нұр отан» партиясы сайлау алды бағдарламасының жүзеге асуы, аграрлы саладағы мәселелер мен халықтың жұмыспен қамтылуы жайында баяндады. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- 8 айдың қортындысы бойынша экономикалық өсім 5,8 пайыз.

Кездесуден кейін Елбасы «Әлжан ана» тарихи музейінің қызметімен танысты. Мекеме аумағына ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті сондай-ақ ауылдағы Мәдениет үйіне барды. Мұнда кітапхана және түрлі үйірмелер жұмыс істейді, 250 орындық концерт залы бар. Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облыстық филармониясының артистері мен аудандық Мәдениет үйінің шәкірттері орындаған музыкалық шығармаларды тыңдады.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ЕЛБАСЫ :

- 4000 тұрғыны бар ауылға осындай керемет мәдениет үйі, қандай жақсы. Ішінде үйірмелер бар. Жастарымызға осындай жағдай жасап жатырмыз. Еліміз аман жұртымыз тыныш болса әлі талай қызықтарға жете береміз.

Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті спорттық-сауықтыру кешенінің жұмыс барысымен танысты. Мұнда ауқымды арена, әмбебап зал және күрес пен боксқа арналған зал бар.

- Көріп жатырсыңдар ғой олимпиаданы бәрің, балалардың жетістіктері бар ма? бар орын алып жүрміз.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ЕЛБАСЫ :

- Денсаулық қай жағдайда керек. Оқуды тастамаңдар, бәрақ спортты да тастамаңдар. Өмірде бәрі керек болады. Зор болашақ, бақыт тілеймін.

Бүгінде спорттық-сауықтыру кешенінде төрт жүзден астам бала мен жеткіншек шынығады.. Еркін күрес, тхэквондо, каратэ, волейбол, футбол, бокс сынды спорттың алты түрі бойынша жаттығуға мүмкіндік бар.

 

Тақырып бойынша материалдар

COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРУ 12 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ
20:41, 23 қыркүйек 2021
COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРУ 12 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...
ҚҰНЫ 600 МЛН ДОЛЛАР БОЛАТЫН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:37, 23 қыркүйек 2021
ҚҰНЫ 600 МЛН ДОЛЛАР БОЛАТЫН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...