ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ Толығырақ

ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ

20:35, 19 ақпан 2020

Иесіз электр жүйелерінің істен шығуынан көптеген тұрғын үйлер жиі жарықсыз қалады. Елордада ғана емес барлық өңірлерде жағдай осындай. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева электр жүйелері саласының мамандарымен кездесу кезінде осы мәселені көтерді. Жаңадан салынған тұрғын үй, пайдалануға берілген соң, инженерлік коммуникациялары сол үйге қызмет көрсететін компанияның бақылауына өтеді. Жүйеден ақау шығып, бұзылып жатса оны тұрғындар үшін өздері жөндеуден басқа амалы жоқ. Не жергілікті әкімдік, не құрылыс компаниясы оған ақша бөлмейді. Сондықтан бұл мәселені көп ұзатпай шешу керек деді Дариға Назарбаева.

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Ең алдымен жаңа иесіз құрылғылардың пайда болуына жол бермеу керек. Бақылаудың жоқтығы туралы сұрақ әр кез көтеріліп жүр. Осыдан болып мемлекет оның сапасына да жауап бере алмайды. Құр бұзылып қалса бір сәрі, олар адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі де мүмкін ғой.

Тақырып бойынша материалдар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
20:31, 30 наурыз 2020
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
20:34, 26 наурыз 2020
ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...