ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

20:35, 6 қазан 2021

Нұр-Сұлтанда дін көшбасшылары бас қосты. Елордадағы бейбітшілік және келісім сарайында әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері сьезі хатшылығының 19-отырысы өтті. Алқалы жиын былтыр пандемияға байланысты  өтпей қалған еді. Жиынға жаханның 20 елінен делегаттар келді. Әртүрлі сенім-нанымдағы діни көсемдер  өзекті мәселелерде талқыға салып,  бейбітшілікке үндейтін бастамаларды көтерді.

Дін басшыларының   алғашқы жиыны 2003-жылы болған еді. Нь-Йорктегі 11- қыркүйек оқиғасынан кейін  мұсылмандарға деген көзқарас өзгеріп, хақ дінге күйе жағушылар көбейді. Дінаралық алауыздық асқынған шақта Қазақстан  әлемді ізгілікке үндеді. Содан бергі 18 жылда 6 съез өтті. Дінбасылар жыл сайын хатшылық отырысында бас қосады. Жиынның өзектілігі күн сайын артпаса,  кеміген жоқ.

ШЕЙХ-УЛ-ИСЛАМ, ГАДЖИ АЛЛАХШҮКІР ПАШАЗАДЕ КАВКАЗ МҰСЫЛМАНДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бүгінгі таңда агрессияны, зорлық-зомбылықты және кемсіту тудыратын өшпенділікке шақыру нақты саяси және әлеуметтік қауіпке айналды. Мұндай үндеулердің идеологияның кесірінен түрлі аймақтардағы тұрақтылық бұзылып, адамдар арасындағы қақтығыстарға, әскери қылмыстарға, геноцидке әкеліп отыр.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл жиын жер-жихандағы ахуал күрделі кезде өтіп жатқанын айтты. Пандемиямен қатар геосаяси жағдай ушығып, жахандық қауіпсіздік жүйесі бұзылды. Бұндай жағдайда рухани көшбасшылардың басты міндеті адамдарды бейбітшілік, қоғамдық келісім секілді идеяларға үндеу.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған бұл бағдар өзінің тиімділігі мен өміршеңдігін дәлелдеп үлгерді. Қазіргі таңда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саясаты жалғасып келеді. Біз Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі мен Хатшылық отырысын абырой-бедел жинау үшін өткізбейміз. Бұл – қазақстандық даму жолының біртұтас ажырамас бөлігі.

Кез келген дәстүрлі дін халықты адамгершілік пен ізгілікке үндейді. Жиынға қатысушылар адамзат осынау қуатты күшті тиімді пайдалану керек деген ойда.

ЮРИЙ НОВГОРОДОВ, ӘЛЕМДІК ЛЮТЕРАНДЫҚ ФЕДЕРАЦИЯНЫҢ ӨКІЛІ:

- Пандемиядан кейін әлем күрделі өзгеріске ұшырады. Дін қайраткерлері мен ресми билік өкілдері жүйелі диалог құра білуі қажет. Себебі қазіргі процестер адамдардың өмір салты, мәдениетіне өзгерістер әкеліп, рухани құндылықтардың құлдырауына әкеп соғуы мүмкін.

Дінбасылардың жетінші съезі келер жылы  қыркүйекте өтетін болды. Форумда пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы дін лидерлерінің рөлі кеңінен талқыланбақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
17:17, 26 қараша 2021
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БЕЛЬГИЯҒА РЕСМИ САПАРЫ
17:15, 26 қараша 2021
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БЕЛЬГИЯҒА РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...
ЕКІ ЕЛГЕ ӨТЕУСІЗ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
20:33, 25 қараша 2021
ЕКІ ЕЛГЕ ӨТЕУСІЗ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...