ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛДЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖОБАСЫ БЕКІТІЛДІ

17:17, 18 қаңтар 2022

Үкімет елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру жөніндегі жобаны бекітті. Жедел іс-қимылдар жоспарында 51 іс-шара қамтылған. Қатарында – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қалпына келтіру, әлеуметтік мәселелер, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, халық пен кәсіпкерлікті қолдау әрі ұйымдастыру, қаржы мәселелері бар. Әлеуметтік мәселелер бағыты бойынша 10 іс-шара іске асады. Нақтырақ айтсақ, жарақат алған орган қызметкерлеріне өтемақы төленеді. Қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көмек көрсетіледі. Бизнес пен халыққа борыш жүктемесін азайту шаралары да қолға алынбақ. Мұқтаж азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің жаңа тәртібі мен тетігі енгізіледі. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткен қызметкерлерге 150 мың теңгеден сыйақы берілді.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

 - Жоспарды іске асыру барысында, бірінші кезекте, қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Сондай-ақ күштік құрылымдар мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне де тиісті мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады. Жоспардағы ІІМ қатысты тармақтардың бәрі маңызды. Әрі олар сапалы, жедел орындалуы.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
20:33, 30 маусым 2022
ҚОРҒАНЫС САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ЖӘНЕ СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ 127 ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚАРАДЫ
20:31, 30 маусым 2022
МӘЖІЛІС ЖӘНЕ СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ 127 ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...