ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЕЛІМІЗДЕ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУІ МҮМКІН

20:33, 30 қыркүйек 2020

Коронавирусқа байланысты елімізде шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін. Әсіресе әуежай мен шекара бекеттерінде. Бүгін Үкімет отырысында әлемдегі эпидахуалдың ушығып жатқанына тоқталған  Денсаулық сақтау министрі осындай ұсыныс айтты. Ол қандай шектеулер? Елімізде карантин талаптарын бұзудың қанша дерегі тіркелді? Тілшіміз айтсын.

Елде эпидахуал тұрақты. Індет жұқтырғандар саны азайып келеді. Бірақ бұл босаңсуға себеп емес. Денсаулық сақтау министрінің сөзінше Италия, Германия, Беларусь, Түркия мен көршіміз Ресейде жағдай ушығып тұр. Мұнда жұқтыру дерегі елімізге қарағанда 10 есе көп. Сондықтан сақтық шараларын күшейту керек деген Алексей Цой өз ұсынысын білдірді.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

-  5-ші қазаннан бастап халықаралық рейстерді қайта ашуды тоқтатып, Түркияға ұшатын рейстер санын азайтуымыз керек. Әуежайда бақылауды күшейтіп, екінші санаттағы елдерден келген жолаушылардан мерзімі 3 тәуліктен аспайтын ПТР анықтама талап етуге тиіспіз. Егер болмаса, екі күнге оқшаулап, зертханалық тексеру жүргізген дұрыс.

Жолаушыларды оқшаулау үшін оларды жатқызатын жер керек. Сондықтан Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында карантиндік статционарлар қайта ашылуы мүмкін. Сақтық шараларын күшейту туралы  ұсыныс бекер айтылып жатқан жоқ. Шетелдерде жағдайдың ушыққаны өз алдына, ел тұрғындары да еркінсіп кеткен.

Мәселен 5 шілдеден бері 50 мыңдай рейд жүргізілген. Карантин режимін бұзудың 28 мың фактісі тіркеліп, той тойлап, ас берген 600 адамға айыппұл салынды. 12 мыңға жуық адам медициналық маска тақпаған. Ережеге бағынбайтындар әсіресе Қостанай, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында көп. 

ЕРЛАН ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

- Өткен демалыста той өткізген 41 адам жауапқа тартылды. Түнгі клубтар да жасырын жұмыс істеп жатыр. Нұр-Сұлтанда осындай көңіл көтеретін төрт орын анықталды.  Алматыда 5 клубтың жұмысын әшкере еттік. Олардың қожайындары мен барған адамдарға айыппұл салынды.

Енді бұған қайта жол бермеу үшін полицейлер мен әкімдік қызметкерлері карантиндік және маскалық режимнің сақталуын қатаң қадағалауы тиіс. Онсыз эпидахуал ушығып кетуі мүмкін дейді үкімет басшысы

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

- Біз санитарлықталаптарды сақтау шараларын күшейтуіміз қажет. Мүдделі мемлекеттік органдармен өңірлердің әкімдері санитарлық эпидемиологиялық шаралардың 100 пайыз дайындығын қамтамасыз етсін. Санитарлық ережені бұзудың кез-келген жолын кесу қажет.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

А. ШПЕКБАЕВ ПРЕСНОВКА АУЫЛЫНДАҒЫ АШЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
20:35, 26 қазан 2020
А. ШПЕКБАЕВ ПРЕСНОВКА АУЫЛЫНДАҒЫ АШЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ЖҰМЫСЫМЕН Т...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ ШЕКТІ БАҒАСЫ ҚАЙТА БЕКУІ МҮМКІН
20:33, 26 қазан 2020
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ ШЕКТІ БАҒАСЫ ҚАЙТА БЕКУІ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...