Осыдан бірнеше күн бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев утилизациялық алым жинайтын жеке меншік компанияның қызметі тоқтатылатынын, сұйытылған газ, бензин және дизель бағасына уақытша мемлекеттік реттеу енгізілетінін айтты. Сондай-ақ, Президент Үкіметке екі ай мерзім ішінде халықтың табысын арттыру жөніндегі бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Бұл жаңа бастамаларды солтүстікқазақстандықтар да қолдап отыр.
ЕРІК НҰРАҚАЕВ, СҚО КӘСІПОДАҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
- «Бүгінде көтерілген мәселелер ол әрине бұрын айтатынбыз. Бірінші экономика сосын саясат деп. Бірақ, бүгінгі Президентіміздің бағдары- экономика адамдардың жағдайы үшін жұмыс істеуі керек. Сондықтан да қандай салаларда, қандай реформа болуын ол ашық көрсетті.»