ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУХАНАЛАР ЖАБЫЛЫП ЖАТЫР

20:33, 14 қыркүйек 2021

Қазақстанда коронавирустың таралуы 35 пайызға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Соңғы аптада Қазақстанда індет жұқтырғандар саны аптасына 31 мың жағдайдан 25 мыңға дейін кеміген. Ауруханалардың жүктемесі 56 дан 35 пайызға дейін төмендеді. Инфекциялық бөлімше ретінде ашылған 57 нысан қайта жабылды. Соңғы аптаның ішінде аурудан емделіп шыққандардың саны ауру жұқтырғандарға қарағанда 1,5 есе көп. 

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

- Өңірлердің қызыл аймақтан шығуы ұлғайды. Қазірдің өзінде сары аймаққа 5 өңір, атап айтқанда Шығыс, солтүстік, батыс, Жамбыл және Қызылорда облыстары. Сонымен қатар түркістан облысы жасыл аймақта. Қазіргі басты міндетіміз қызыл аймақтағы өңірлерде вирус жұқтыру деңгейін орнықты төмендеуіне қол жетізу. Бұл үшін эпидемиологиялық жағдайды ұдайы бақылауда ұстау қажет. Әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Қарағанды Павлодар, Ақмола облыстарында.

ЕКПЕ АЛУ ҚАРҚЫНЫН ӘЛІ ДЕ АРТТЫРУ ҚАЖЕТ

Елімізде 7 млн 100 мыңнан астам адам вакцинаның 1-компонентін алған. Бұл екпемен қамтылуы тиіс халықтың 71,5 пайызы. 2-компонент 5 млн 900 мыңнан астам адамға салынып, көрсеткіш 60 пайызға жуықтады. Өңірлер вакцинаның жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген. Вакцина жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Алексей Цой Қазақстандықтарды вакцина алуға және елімізде ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына өз үлесін қосуға шақырды.

 

Тақырып бойынша материалдар

COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРУ 12 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ
20:41, 23 қыркүйек 2021
COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРУ 12 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...
ҚҰНЫ 600 МЛН ДОЛЛАР БОЛАТЫН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:37, 23 қыркүйек 2021
ҚҰНЫ 600 МЛН ДОЛЛАР БОЛАТЫН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...