Елдегі карантин мен төтенше жағдайдың қашан аяқталатындығы әзірге белгісіз. Дәурен Абаев карантинді ұзарту туралы айту әлі ерте деді. Себебі елдегі эпидемиялогиялық ахуалдың қалай өзгеретіндігін ешкім болжап айта алмайды. Дегенмен кез-келген жағдайға әзір болу керектігін ескертті. Ал мемлекет ел тұрғындарына жан-жақты қолдау көрсетеді.
ДӘУРЕН АБАЕВ, АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:
- Кеше айтылған барлық шаралар жағдай күрделеніп кетсе де тыныштық пен тұрақтылықты сақтау кепілі. Ол үшін бізде қажетті шарттардың барлығы да жасалған. Мемлекет басшысының тапсырмасы, нақты жұмыс жоспары және ұлттық қорда жиналған қаражат бар.