ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА СЕНАТОР Е.СҰЛТАНОВ КЕЛДІ Толығырақ

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ БОЛУЫ ШАРТ

20:30, 1 шілде 2020

Соңғы үш жылда экономиканы несилендіру саясаты сайбырсып қалды. Банктер әр клиент мүшін бәйек болудың орнына, өз күндерін өздері күйттеп жүр. Сондықтан үкімет бұл мәселенінің түйінін тез арада шұғыл тарқатуы тиіс. Бүгін Ұлттық банктің өткен жылғы есебін қабылдаған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді. Толығырақ тілші материалында.

Пандемия паңды да, қалт-құлт еткен жанды да жапырып салды. Салдарынан қоғамның парқы, базардың нарқы бұзылды. Мұнай арзандады. Теңге теңселді. Экономикада даму тежелді. Енді оны тездетіп қалыпқа келтіру Үкіметке сын!

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Соңғы үш жылда экономиканы несиелеудің өсімі аса байқалмады. Банктер қолайлы және тиімді жағдай ұсына отырып, әрбір клиент үшін күреспейді. Сонымен қатар қазіргі жағдайда бизнеске қаржы ресурсы қатты қажет. Қаржыны олар жылдам алуы керек. Сондықтан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, экономиканы, шағын және орта бизнесті несиелеуді арттыруы шарт.

Індет індеген тұста төтенше жағдай енгізілді. Елмен бірге түгел экономика есеңгіреп қалды. Тізгендегі инфлация ауыздықтауға көнбей, азық түлік пен тұтынушы тауарлары қымбаттады. 

ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:

- Ағымдағы жылы маусымда жылдық инфлация 7 пайыз болып, 4 ай бойы нысаналық дәлізден 4-6 пайыздан жоғары болып қалыптасты. Инфлация кесіренен азық түлік өнімдерінің көрсеткіштері 11.1 пайызға жылдамдады. Азық түлікке жатпайтын тауарлар 5,4 пайызға өсті.

Мудис агенттігі былтыр еліміздегі екінші деңгейлі банктердің активтері мен сапасын анықтайтын сараптама жүргізген. Ол стандарт Эйкюар деп аталады. Біздегілерге берген бағасы жаман емес. Бірақ Президент мемлекеттің көмегі болмаса, Эйкюардің алдында екінші деңгейлі банктердің етігі ашылып қалар еді деп ескертті. Сондықтан бұл сарапты бұдан былай тұрақты жүргізіп тұруды тапсырды. Әрі айырбас бағамын ауыздықтап ұстау да аса маңызды мәселе.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Айырбас бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету өте маңызды. Бұл ретте  Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Керек болса, ұлттық банк ақша айырбасын тұрақтандыру үшін қосымша шаралар қабылдауы тиіс. Сондай-ақ қаржы ұйымдарының ашықтығы да өте өткір тұрған мәселе.

Талай жұртты тақырға отырғызған қаржы пирамидалары мен елде саңырауқұлақша қаптаған ламбардтардан лаң шықпай тұрғанда Президент олардың қызметін тексеруді құзырлы органдарға тапсырған. Бүгін сол істі созбалақтамай, тезге салуды міндеттеді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Ломбардтар мен басқа да қаржы ұйымдарының жұмысына тексеру жүргізіп, аталған саладағы жағдай туралы ақпарат беруді тапсырдым. Бұл жұмысты жылдамдату керек. Тексерулердің қорытындысы негізінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Бас прокуратурамен бірлесіп, аталған саланы реттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және тұтынушылардың құқығын қорғау жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын.

Айтпақшы 30 жыл Алатаудың баурайын мекен еткен Ұлттық банктің бас ғимараты жақында ғана Елорданы бетке алып, Астана халықаралық қаржы орталығымен көрші қоныс тепті. Көш көлікті болсын деген Президент аталған екі ұйым бұдан былай қаржы технологиясы мен инновациясын дамытудың тұжырымдамасын бірлесіп жасауды жүктеді. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ НАТАЛЬЯ ГОДУНОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ
20:32, 3 тамыз 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ НАТАЛЬЯ ГОДУНОВАНЫ ҚАБЫЛ...
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТТІ КАРАНТИН ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУГЕ МІНДЕТТЕДІ
20:30, 3 тамыз 2020
ПРЕЗИДЕНТ ҮКІМЕТТІ КАРАНТИН ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУГЕ МІНДЕТТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
20:37, 29 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
20:35, 30 шілде 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
Толығырақ...
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
20:42, 30 шілде 2020
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...