ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ

20:31, 30 қыркүйек 2021

Бүгін Қазақстан мен Ресейдің 17-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Алқалы жиынға екі ел мемлекет басшылары онлайн байланыс арқылы қатысты. Жыл сайын үрдісін үзбей ұйымдастырылатын форум былтыр пандемия салдарынан өтпей қалған. Биылғы жиынның тақырыбы экология және жасыл экономика саласындағы ынтымақтастық. Тараптар өзен суын тиімді пайдалану мен жан-жануарларды әлемін сақтау, сондай ақ орман өрттері, климаттың өзгеруі мен атом энергетикасын дамыту тақырыптарын талқыға салды.

Алып елдер. Ең ұзын құрлықтық шекара. Құдай қосқан көршілерге экономикамен қоса, экологиялық мәселелер де ортақ.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ :

- Қазақстан мен Ресейдің экологиялық проблемалары өте ұқсас. Бұл – ауа мен судың, топырақ ластануының жоғары деңгейі, радиациялық және өнеркәсіптік қалдықтардың қордалануы. Көршілес жатуымызды ескерсек, біздің проблемалар екі елге де ортақ деуге болады.

Ресей басшысы да  экология саласындағы әріптестікті кеңейту керек деген ұстанымда.

ВЛАДИМИР ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ :

- Қос елдің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажет. Екі мемлекеттің де қоршаған ортаны қорғау, су мен орман шаруашылығы бағытында үлкен тәжірибесі бар. Био алуандық пен ерекше қорғалатын аумақтар мәселесі бойынша жұмыс жүргізу қажет.

Мемлекет басшыларын толғандыратын бір мәселе Каспий итбалығының тағдыры. Ерекше жануарды қорғауға алмаса, әлемдік фауна тізімінен мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Теңіз жануарының азаюына негізгі үш себеп бар. Олар: жаппай аулау, теңіздің ластануы және жұқпалы аурудың таралуы.

ҚАСЫМ-ЖОМАР ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Каспий итбалығы популяциясының төмендеуі мәселесі өзекті болып тұр. Ол екі елдің де Қызыл кітабына енген. Осы бірегей жануарды сақтауға, олар мекендейтін әрі көбейетін территориясын қорғауға қатысты кідіріссіз іс-шаралар керек. Сондықтан Солтүстік Каспийде мемлекеттік резерваттарды құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

Дала сахарасының бота көзі киік деген киелі жануардың да қазіргі жай-күйі ерекше талқыға түсті. Қазақстанда ақбөкенді атуға тиым салынған. Соның арқасында қазір оның саны едәуір өсті. Алайда ауыл шаруашылығының дамуына байланысты киіктердің жайылымы тарылып барады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ :

- Бұл өз кезегінде киіктер мен қатар үй жануарлары үшін жайылымдар мен суару орындарының жетіспеуіне алып келуде.Киіктер миграциясының ерекшелігін ескере отырып, екі ел арасында киіктердің маусымдық қозғалысында шекара қызметтеріне еркін өткізуді қамтамасыз етуді тапсыру ұсынылады.

 Қазақстан жаһанның экологиясын жақсартуға елеулі үлес қосуға мүдделі. 2025-жылға дейін елімізде 2 млрд ағаш отырғызу жоспары бар. Ал ғасыр қасыретін айналған Арал теңізінің құрғауынан тұзды шөлдер пайда болды. Сондықтан мұнда сексеуіл отырғызу аса маңызды деді мемлекет басшысы.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ :

- Құмды дауылдар атмосфераға Қазақстан бойынша ғана емес, Орталық Азия елдеріне де улы тұздарды тасымалдайды. Сондықтан, өзбекстандық әріптестерімізбен бірге Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызуды ұлғайту бойынша Қазақстанға арналған жеке бағдарлама қабылдадық. 2025 жылға қарай 1,5 млн га жерді қамтуды жоспарлап отырмыз.

Қазақстан 2060-жылға қарай көміртегіге байланысты бейтарап ел болуға ұмтылады. Ресейдің де осы салада жемісті жобалары бар. Жасыл энергетика бойынша да тығыз әріптестік орнаған. 2030-жылға қарай Қазақстан күн мен желден алатын қуат көзінің  үлесін 15 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл орайда Ресей басшысы атом энергетикасының экологияға зияны аз екенін айтып, осы бағытта Қазақстанға қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді.

ВЛАДИМИР ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ :

- Ресей біздің әріптестерге, қазақстандықтарға да, атом электр станциясын салып, пайдалану бойынша көмегін ұсынады. Мәселе республикада ресейлік үлгідегі АЭС салу жөнінде ғана емес, тұтас саланы қалыптастыру жөнінде болып отыр. Оның ішінде атом энергетикасымен байланысты кадрларды ресейлік оқу орындарында оқыту да бар.

Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев шекарадағы күрмеулі мәселелерді де көтерді. Қазақстан мен Ресей арасында 30 автокөлік өткізу пункті бар. Алайда соның тек бесеуі ғана инспекциялық-тексеру кешендерімен жабдықталған. Олардың өзі ара-тұра істен шығып қалады. Салдарынан ұзын-сонар кептеліс туындап, тауар алмасуға кедергі келтіреді.

 ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ :

- Ресейдің шекара қызметі автокөліктердің жүк қоятын бөлігінде технологиялық өтуді қамтамасыз ету бойынша жаңа талаптар енгізді. Жүргізушілерді жүкті дәл тексеру аймағына түсіруге мәжбүрлейді, бұл көп жағдайда жүктің бұзылуына әкеледі. Тасымалдаушылар автокөліктердің тек үштен екісін ғана толтыруға мәжбүр. Соның салдарынан көлік шығыны ұлғайып, тауар бағасы өсуде.

2003-жылдан бері өтіп келе жатқан форум өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Осы аралықта қос елдің сауда-саттығы 3,5 есе көбейіп, 20 млрд долларға жетіп қалды. Бүгінгі жиынның қорытындысы бойынша байланысты бекіте түсетін 13 бірдей құжатқа қол қойылды. Ал келер жылы форум Орынборда өтеді. Тараптар бетпе-бет кездесіп, ортақ жоспарлар мен жобаларды талқылауға ниет білдірді. Ш.Жамбылұлы. «Ұлттық Арна»

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
17:17, 26 қараша 2021
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БЕЛЬГИЯҒА РЕСМИ САПАРЫ
17:15, 26 қараша 2021
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БЕЛЬГИЯҒА РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...
ЕКІ ЕЛГЕ ӨТЕУСІЗ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
20:33, 25 қараша 2021
ЕКІ ЕЛГЕ ӨТЕУСІЗ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...