ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ

20:30, 23 маусым 2022

Әйелдер мен балаларды қолдау орталықтары еліміздің барлық аумағында ашылмақ. Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында президент осындай тапсырма берді. Ішкі істер саласының қызметкерлерін меркесімен құттықтаған Қасым-Жомарт Тоқаев оларға әлеуметтік қолдаудың артатынын да жеткізді. Айтуынша қазір құқық қорғау жүйесі қалыптасқан. Полиция – мемлекеттігіміздің берік негізі, қауіпсіздіктің кепілі. Қаңтар оқиғасында да тәртіп сақшылдары отаншылдықтың үлгісін көрсетті деді президент. Десе де  азаматтардың құқық қорғау жүйесіне деген сенімі әлі де жоғары деңгейде емес. Әділетсіз жағдайлар, полицейлердің немқұрайлылығы, кейде олардың заңсыз әрекеттері Ішкі істер министрлігінің қызметіне сызат түсіреді. Жағдайды өзгерту үшін біз Қазақстан полициясында ауқымды реформаларды бастадық, біртіндеп қызмет көрсету үлгісіне көшеміз деді Тоқаев. Ал жиын соңында ерекше қызметімен көзге түскен бірқатар қызметкерге мемлекеттік наградалар тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
20:32, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
Толығырақ...
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
20:30, 21 шілде 2022
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
17:17, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар