ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

КЕН БАЙЫТУ БОЙЫНША ЖАҢА ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

20:31, 1 қазан 2021

Ақтоғай кентінде жаңа фабрика іске қосылды. Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барып, «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС-нде тағы бір кен байыту кәсіпорының ашылу сәтіне қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа сульфид фабрикасы аймақтың ғана емес, ұлттық индустрияның дамуына серпін беретініне сенім білдірді.

Ақтоғай -  оксид кенінен катодты мыс, ал сульфидтен концентраттағы мыс өндіретін ашық типтегі ірі кеніш.  Павлодар облысындағы Бозшакөлге ұқсас. Бірақ бір артқышылығы: инфрақұрылым нысандары, оның ішінде электрмен жабдықтау тармағы мен көлік коммуникациялары бар болуы. Осының арқасында 2013 жылдан бастау алған жоба жыл сайын өнім көлемін жақсы қарқынмен арттырып келеді.

ОЛЕГ НОВАЧУК, «KAZ MINERALS PLС» ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- 1,915 млрд тонна минералды ресурс. Оның ішінде 5,8 млн тонна мыс пен 115 мың тонна молибден. 2016 жылы 18 мың тонна өндірілсе, 2020 жылы 131 мың тоннаға дейін жетті. Биыл 115-125 мың тонна мыс өндіруді жоспарлап отырмыз.

Ал Ақтоғай-2-нің іске қосылуы өндірісті тағы арттырады. Келер жылы фабрика бұл көрсеткішті 190 мың тоннаға жеткізбек. Демек, ел экономикасына қосқан үлесі де сүбелі болуы тиіс. Өйткені Ақтоғай I мен Ақтоғай II жобаларын қоса алғанда кен орнын игеруге тартылған инвестиция мөлшері 3,2 миллиард долларға жетті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Өңделген өнімнің экспорты артады. 700 жаңа жұмыс орны ашылып, салықтан бюджетке қосымша 80 миллион доллар кіріс кіреді. Комбинат Шығыс Қазақстан облысындағы жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысына, білім беру және емдеу мекемелерінің жабдықталуын жақсартуға белсенді атсалысады. Бұл – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің лайықты үлгісі.

Ақтоғай ІІ  кеніштің мыс өндіру жөнінен әлемдегі ірі кен орындары қатарына қосылуына мүмкіндік береді. Жаңа фабриканың ашылу рәсімінде президент кәсіпорын қызметкерлерінің ел экономикасын дамытуға үлес қосып жатқаны үшін алғысын білдіріп, бұл жобаның стратегиялық маңызы зор екені атап өтті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Мен Жолдауымда былтыр индустрияландырудың 10 жылдығында өңдеу өнеркәсібінің экономиканы дамытуға қосқан үлесі алғаш рет тау-кен өнеркәсібінің үлесінен асып түсіп, 13 пайызға жеткенін айтқан едім. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны сақталып, шамамен 6 пайызға жетіп отыр. Индустрияландыру картасы аясында 12 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 120-дан астам жаңа өндіріс іске қосылды.

ГҮЛНҰР ӘУБӘКІРОВА, «KAZ MINERALS AKTOGAY» ЖШС АЗ ТОННАЛЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Ендігі міндет: 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есе, ал еңбек өнімділігін 30 пайызға арттыру. Ол үшін елімізге Индустрия 4.0 элементтері бар әрі өнімдерін экспорттайтын осы Ақтоғай іспетті заманауи кәсіпорындар қажет. Бұл орайда президент фабриканы қысқа мерзім ішінде салып бітірген құрылысшыларға ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев осындай нақты жобалар ғана тәуелсіздіктің 30 жылдығына лайықты тарту болатынын тағы бір еске салды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
17:17, 26 қараша 2021
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БЕЛЬГИЯҒА РЕСМИ САПАРЫ
17:15, 26 қараша 2021
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БЕЛЬГИЯҒА РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...
ЕКІ ЕЛГЕ ӨТЕУСІЗ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
20:33, 25 қараша 2021
ЕКІ ЕЛГЕ ӨТЕУСІЗ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...