ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

КОНДОМИНИУМ НЫСАНДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ЕНГІЗІЛЕДІ

17:15, 11 қараша 2021

Енді көпқабатты үйлердің жағдайын пәтер иелері кооперативінің орнына мүлік иелерінің бірлестігі қадағалайды.  Жаңа жүйеге келесі жылдың 1  шілдесінде толығымен көшу жоспарланған.  Облыстық әкімдікте басқарудың өзгеше форматының мақсаты мен артықшылы ортаға салынды.

Әкімдік отырысы кадрлық тағайындаудан басталды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов білім басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Бұл қызметті енді Нәзір Жәшібеков атқаратын болады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жиында көпқабатты үйлерді мүлік иелері  бірлестігінің қарауына ауыстыру мәселесі қарастырылды.  Жаңа жүйе бойынша көпқабатты үй тұрғындарының аса белсенді азаматтарынан бір жылдық мерзімге  төраға мен кем дегенде 3 адамнан тұратын кеңес мүшелері тағайындалады.  Арнайы шот ашылып, пәтер иелерінен жиналған қаражат сонда түсіп отырады. Ай сайын кеңес тұрғындар алдында бұл қаражатты қайда, не мақсатқа жұмсағандары туралы есеп беріп отырады.

БАҚЫТ ІЛИЯСОВ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жаңашылдықтың басқа да артықшылығы бар. Айталық, енді жергілікті бюджет есебінен кондоминиум нысанын тіркеу, жер учаскесін рәсімдеу, үйдің техникалық сараптамасын жүргізу, ағымдық және күрделі жөндеу жүргізу мүмкіндігі бар.  Ғимараттың қасбетін жаңарту сияқты ауқымды жұмыстарға мемлекет қолдау көресе алады. Бұған дейін заңда бұндай норма болған жоқ.

Оған қоса, мүлік иелері бірлестігі бос тұрған бөлмелерді, жер төлелерді жалға бере алады.  Мамандардың айтуынша облыста жаңа басқару жүйесіне  1545 үйді тапсыру көзделген.  Облыс әкімінің айтуынша, бұған дейін болған пәтер иелері кооперативтерінің атына біраз наразылық  келіп түсетін, енді тұрғындар бірлестік жұмысын өздері қадағалап, төрағамен тікелей қатынаста бола алады.  Оған қоса, бюджет есебінен көпқабатты үйлерді қалпына келтіру мүмкіндігі берілген.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 Бұл жұмысты көпқабатты үйлерді модернизациялау бағдарламасымен де ұштастыра аламыз. Айталық,  биыл ғана 18 көпқабатты үйде күрделі жөндеу жүргізілді.  Келесі жылы бұл бағдарламаға 12 үй енгізіледі.   Жауапты мамандарға жөндеуді аса талап ететін үйлердің тізімін анықтап, қалпына келтіру жұмыстары қатарына қасбетті жаңартуды енгізуді сұраймын.

Биыл қаланың көпқабатты үйлерінде  7 лифтті жаңарту жүргізіліп жатыр.  Жергілікті бюджет есебінен бұл шаралар келесі жылы да жалғасады.  Жалпы,  тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында соңғы жылдары біраз алға ілгерілеушілік бар. Мұны аулаларда балалар алаңдарының орнатылып,  асфальт төселіп, басқа да игі істер барысынан байқауға болады. 

Әсел Оразбаева

 

Тақырып бойынша материалдар

СЕНАТ МЕМЛЕКЕТТІК БАСТАМАЛАРДЫ ЕЛБАСЫМЕН КЕЛІСУ ҚАЖЕТТІЛІГІН ЖОЮДЫ ҰСЫНДЫ
20:34, 27 қаңтар 2022
СЕНАТ МЕМЛЕКЕТТІК БАСТАМАЛАРДЫ ЕЛБАСЫМЕН КЕЛІСУ ҚАЖЕТТІЛІГІН...
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ҚАРУ-ЖАРАҚТЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ЖАЗАНЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
20:33, 27 қаңтар 2022
ДЕПУТАТТАР ҚАРУ-ЖАРАҚТЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ЖАЗАНЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
МИНИСТРЛІКТЕР БИЫЛҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ
20:32, 27 қаңтар 2022
МИНИСТРЛІКТЕР БИЫЛҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...