ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

13:03, 17 мамыр 2022

5 маусым күні ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша  өтетін референдум жайында ақпарат беру үшін өңірге Президент көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Ернар Баспаев келді.

Президенттің көмекшісі облыс активімен кездесіп, Конституцияға енгізілетін түзетулер жайында айтты. 5 маусымға белгіленген республикалық референдум — жаңа реформалар жасау жолындағы маңызды қадам болмақ.

ЕРНАР БАСПАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУДЫ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Негізгі заңның 33 бабына түзетулер әзірленді. Бұл бүкіл Конституцияның 3/1 бөлігі. Мемелкет басшысы өз сөзінде «Жаңа Қазақстан», «екінші республика» терминдерін, ел болашағының бейнесі ретінде пайдаланады. Бұл ретте қоғамдық құндылықтарды жаңарту және ұлттың жаңа сапасын қажет туралы болып отыр.

Бүгінде референдумға қатысты түсіндіру және насихаттау жұмыстары облыста белсенді түрде өткізіліп жатыр. Өңір  бойынша 5 маусым күні 379 мың 120 адам дауыс береуі керек. Референдумды қолдау жөніндегі облыстық штабтың құрамында 23 адам бар. Бүгінгі күнге дейін өңірде референдумға қатысты 30 іс-шара өтті және тыныштық күніне дейін әлі 60 шара өткізу жоспарда бар. Қазір мұндай кездесулер барлық еңбек ұжымдарында өтіп жатыр.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 5 маусым күні референдум өтетінін бәрі біледі. Бірақ Конституцияда қандай өзгерістер болатынын көпшілік  біле бермейді. Сондықтан да қоғамдық бірлестіктердің рөлі өте маңызды екенін айта кетейін және референдумды қолдау жөніндегі облыстық штабқа алғысымды білдіремін.

Облыс активімен кездесуден кейін Президент көмекшісі Ернар Баспаев өңірдің 12 тұрғынын қабылдап, олардың құқық қорғау, сот, жер, пай  және әлеуметтік төлемдер, су және жайылым орындарына қатысты мәселелеріне қанықты.

Айгерім Құсайынова 

Тақырып бойынша материалдар

ҮКІМЕТТІК КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:35, 4 шілде 2022
ҮКІМЕТТІК КЕҢЕСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
20:34, 4 шілде 2022
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:33, 4 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...