2022 жыл елдің әлеуметтік-экономикалық саласындағы проблемаларды көрсеткен оқиғалардан басталды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында елдегі өзекті мәселелерді тізіп, үкіметке оларды шешу жолында міндеттер жүктеді.
Қиын кезеңде халықтың мемлекет басшысының жанына топтасып, бірлікте болуы аса маңызды. Президент бастамаларын қолдау арқылы ғана қалыпты өмірге орала аламыз. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова президент қолға алған реформалар, бұрыннан көптің көкейінде жүрген дүниелер еді дейді.
СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: