ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ ЖОСПАРЫ ҚАРАЛДЫ

20:34, 5 қазан 2021

Бүгін премьер-министр Асқар Мамин Маңғыстау облысында еңбек теңсіздігіне жол бермеуді тапсырды. Үкіметте өңірдің 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму жоспары талқыланған еді. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, Маңғыстауға 5 жылда 2 триллион 100 миллиард теңге тарту көзделген. Қыруар қаржыға Жаңаөзенде газ өңдеу зауыты тұрғызылып, өңірдің жолдары жөнделмек. Әрі 24 мектеп пен үй кезегіндегілерге баспана салу жоспарланған. Жалпы, бас-аяғы 15 бағыт бойынша 214 іс-шараны қамтитын ауқымды жобалар іске аспақ. Бұл аймақ экономикасын 32 пайызға арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Осы орайда премьер-министр бұған дейінгідей еңбек теңсіздігіне жол бермеу керек деді. 

 АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

- Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылєа қарай 60 мыңға жуық жұмыс орнын құруға өнеркәсіп көлемін 27 пайызға өсіруге, халыќтың нақты табысын 40 пайызға ұлғайтуға, яєни халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын шын мәнінде жақсартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Үкіметте каналдар мен су қоймаларын салу және оларды жаңғырту мәселелері қаралды.  Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің айтуынша салада түрлі мәселелер бар.  Соның бірі суармалы жерлерге тіршілік нәрін жеткізу. Ол үшін елімізде ұзындығы 21 мың шақырымға созылған үш жарым мыңнан астам канал бар. Бірақ олардың жартысынан астамы, яғни 55 пайызы әбден ескірген. Тіпті егінге деп бұрылған судың біразы тоз-тозы шыққан каналдан далаға ағып жатыр. Сондай-ақ Серікқали Брекешов қазір апатты жағдайда тұрған 41 су қоймасын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деді. Айтуынша бұл 40 елдімекенді су басу қауіпінен сақтайды. Десе де шаруаның іске асуы үшін 5 жылдай уақыт қажет

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
17:17, 26 қараша 2021
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БЕЛЬГИЯҒА РЕСМИ САПАРЫ
17:15, 26 қараша 2021
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БЕЛЬГИЯҒА РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...
ЕКІ ЕЛГЕ ӨТЕУСІЗ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
20:33, 25 қараша 2021
ЕКІ ЕЛГЕ ӨТЕУСІЗ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...