Мемлекет балалардың талабын ұштап, дарынын ашуды жылдан жылға күшейте түседі. Бүлдіршіндерді халықаралық балаларды қорғау күнімен құттыған Президент осылай деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы мерекеге орай «Алматы балафест» фестивалінің қорытынды кешіне қатысып, жарыс жеңіспаздарымен жүздесті. Мереке күні Алматының ботаникалық саябағына бір ай бойы байқауға қатысқан әртүрлі жастағы мыңға жуық бүлдіршін келді. Қалада мұндай ауқымды балалар фестивалі алғаш рет өтіп отыр. Сайысқа 300 мыңнан аса оқушы қатысып, 900-ден аса бала жүлдегер атанған.
НҰРИЛӘ ТӘЖІҚҰЛ, ФЕСТИВАЛЬ ЖЕҢІМПАЗЫ:
- Менің кітапшам бар. Арнайы осы фестиваль үшін «Қазақтың Құлагері» деген өлең шығарған болатынмын. Қазақстанды дамытатын, Қазақстанның медициналық деңгейін жоғары көтеретін білікті дәрігер болғым келеді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: