Мемлекет басшысы ірі бизнес өкілдерімен кездесу барысында "Қазақстан халқына" қорына қаржы аударғандарға алғыс айтты. Қорға қаржы аудару дер кезінде іске асып жатқан игі шара деді. Бұл бюджеттің қаржысы емес, әр тиыны қарапайым азаматтардың өмірін жақсарту үшін жұмсалуы тиіс дегенді де қосты. Бір күндік жалақыны аударуға ешкімді мәжбүрлемеу керек. Аударым ерікті түрде іске асады. Тек ірі компаниялар ғана қорға қайырымдылық ретінде жыл сайын жарна төлеуге міндетті. Жиын барысында президент бизнес-қоғамдастықты жаңа Қазақстанды бірлесіп құруға шақырды. Елімізге жаңа экономикалық саясат қажет. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша Алматы трагедиясы жылдар бойы қордаланған мәселені көрсетіп берді. Бай мен кедейдің арасы тым алшақтап кеткен. Халықтың табысы мен тұрмыс сапасын арттыру үшін нақты жұмыс істейтін реформа қажет деді мемлекет басшысы.