ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТР АСҚАР МАМИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

20:34, 10 маусым 2021

Бүгін, Мемлекет басшысы премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның биылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен егіс науқанының аяқталғаны жөнінде есеп берілді. Премьер-Министр Қазақстан экономикасының пандемиядан кейінгі қайта қалпына келу сатысына өткені туралы айтты. Биылғы қаңтар-мамыр айларындағы ішкі жалпы өнім өсімінің қарқыны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,6 пайызды құрады. Экономиканың өндірмейтін секторларында жоғары инвестициялық белсенділік байқалады. Негізгі капиталға құйылған инвестицияның өсімі тау-кен саласын есепке алмағанда 25,5 пайызға жеткен.

Премьер-Министр еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсарғанын айтып, Covid-19 індетінің таралуы бойынша Қазақстан «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткенін жеткізді. Бір апта ішінде індет жұқтыру деңгейі 30 пайызға азайып, коронавирустың таралу индексі 0,84-ке дейін төмендеген. Қазіргі таңда 2,4 миллион адам екпенің бірінші компонентін алды, 1,3 миллионға жуық адамға екпенің екінші компоненті салынған. 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
13:01, 11 маусым 2021
ПРЕЗИДЕНТ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
СЕНАТ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
20:38, 10 маусым 2021
СЕНАТ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ТУРА...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАР 6,3 ПАЙЫЗҒА ҚЫМБАТТАДЫ
20:36, 10 маусым 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАР 6,3 ПАЙЫЗҒА ҚЫМБАТТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
20:54, 9 маусым 2021
«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
Толығырақ...
СҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ ЖҰҚТЫРУДЫҢ 11 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 маусым 2021
СҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ ЖҰҚТЫРУДЫҢ 11 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...