ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

МӘЖІЛІС ЖӘНЕ СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ 127 ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚАРАДЫ

20:31, 30 маусым 2022

Парламент депутаттары каникулға кетті. Бүгін қос палатаның бірлескен отырысында жетінші шақырылымның екінші сессиясы қорытындыланды. Осы аралықта маңызды заң жобалары қабылданған. Депутаттар Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдарға елдегі өзекті мәселелер бойынша 500-ге жуық депутаттық сауал жолдаған.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың пікірінше, екінші сессияның заңнамалық күн тәртібі айтарлықтай мазмұнды болды. Мәжіліс те,Сенат та 42 рет жалпы отырыс өткізіп, жүздеген мәселені қараған. 494 депутаттық сауал жолданды.  Алайда, Үкімет мүшелерінің кейде сырғытпа жауап бергені депутаттардың көңілінен шықпады.

ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Мәжілістің жиынына дайындалмай келеді, сауалдарға. Сондай-ақ, мемлекеттік тілде жауап беруге шорқақ. Оның сыртында, нақты қойылған мәселе төңірегінде көп жағдайда жазбаша түрде жауап беруге рұқсат сұрайды. Ондай болса, Үкімет міне тұр, Парламент міне тұр, бір-бірімізге хат жазысып отыра берейік.

Мұндайға жол бермес үшін депутаттық сауалдарға ауызша жауап беру тәртібі енгізілді. Бұл үшін министрлер мен басқа да ведомство басшылары жеке-жеке Парламентке шақырыла бастады. Өйткені, әр депутаттық сауалдың артында халықтың өзекті мәселесі, тілегі, аманаты тұр.

МҰХТАР ЖҰМАҒАЗИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Егер өзіңнің жұмысың ұнаса, өзің соған қызуғышылық жасасаң, өзің сол жерде кішкене болса да, еліңе, халқыңа үлесіңді қосып жүрсең, мен ойлаймын, қандай шаршау болады. Сондықтан біз дайынбыз жұмысқа.

Осы сессия кезінде қос палата 127 заң жобасын қарап, оның 78-ін қабылдаған. Парламент мақұлдаған заңдардың 66-сына Президент қол қойды. Қоржында әлі де біраз маңызды құжат жатыр. Сондықтан, депутаттық корпустың жұмысы көп ұзамай қайта жанданады.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Кезекті парламенттік сессияда заң шығару жұмысы ең алдымен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында алға қойылған міндеттерді орындауға, конституциялық реформаларды іске асыруға бағытталатын болады. Атап айтқанда, 20-дан астам заң жобасын әзірлеп, қабылдауымыз қажет. Мемлекет басшысы басты заңдарды жыл соңына дейін қабылдауды тапсырды.

Парламенттік каникул 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Бірақ, депутаттар бұл уақыттың бір айын әдеттегідей аймақтарды аралап, халықпен жүздесуге арнамақ. Сосын ғана демалады.  

ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Ата-анамның қасына барамын. Түркістан облысына барамын, ол жақта ата-апам тұрады, сол жақтиың тумасымын. Қатты жоспар жоқ. Алакөлге барып шомыламыз деп ойлап жатырмыз. Балқашқа баратын шығармыз.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
20:32, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТ МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ БАРДЫ
Толығырақ...
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
20:30, 21 шілде 2022
ДОСТЫҚ ПЕН ТАТУ КӨРШІЛІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
17:17, 21 шілде 2022
ПРЕЗИДЕНТТЕР БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар