ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА КӨШ БАСТАП ТҰР

20:35, 27 қыркүйек 2021

PISA-2018 халықаралық зерттеуінің нәтижесіне сәйкес, Назарбаев Зияткерлік мектептері дүние жүзінде математикадан үшінші орында, жаратылыстанудан бесінші орында тұр. Ал оқу сауаттылығы бойынша  әлемде алғашқы ондыққа енген. Бұл туралы бүгін  Тұңғыш Президенттің қабылдауында болған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова айтты. Кездесуде Елбасыға еліміздегі зияткерлік мектептердің қазіргі жағдайы мен алдағы даму жоспары туралы баяндалды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2008 жылдан бері республика бойынша жиырмадан астам жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылып, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған балалар үшін үлкен демеу болғанын  атап өтті.  Осыған дейін бұл мектептерді 14,5 мыңнан астам бала бітіріп, олар отандық және шетелдік ең озық университеттерге түсті. Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебі құрылысының аяқталу барысы, оқытудың жаңа әдістемелерін енгізу және еліміздегі басқа да оқу орындарына Назарбаев Зияткерлік мектебі тәжірибесін тарату бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
17:17, 26 қараша 2021
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БЕЛЬГИЯҒА РЕСМИ САПАРЫ
17:15, 26 қараша 2021
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БЕЛЬГИЯҒА РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...
ЕКІ ЕЛГЕ ӨТЕУСІЗ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
20:33, 25 қараша 2021
ЕКІ ЕЛГЕ ӨТЕУСІЗ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...