ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

20:35, 7 шілде 2020

Облыс әкімі Уәлиханов ауданына жұмыс сапары барысында шалғайда жатқан Қайрат және Құлыкөл ауылдарына барды. Онда тұрғындармен кездесіп, халықтың базынасын тыңдады. Азаматтармен тілдесе отырып, жол, су және ұялы байланыс турасында қордаланған мәселелердің биыл шешілетін жеткізді.

Аудан орталығынан 280, ал қаладан 500-ден астам шақырым қашықтықта орналасқан Қайрат ауылының тұрғындары орталықтағы мектеп маңына жиналған. Барлығы да көкейінде жүрген сұрақтары мен базыналарын облыс әкіміне жеткізбек ниетте. Жасы, кәрісі бар Құмар Ақсақаловпен кездесуге тайлы тұяғымен келіпті. Араларында тіпті көрші ауылдың тұрғындары бар. Солардың бірі Елеген Сәбилев. Азаматтың айтуы бойынша Жасқайрат  ауылының тұрғындары жол азабын тартуда.

ЕЛЕГЕН СӘБИЛЕВЖАСҚАЙРАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Менің жасым 62 де. Осы бейнетті көріп отырмыз. Істейді істеп жатыр. Бірақ шала істейді. Ақшаны жеп кетеді. Үлкен тастар жатыр, көлігіміздің дөңгелегін тіліп тастайды. Қысы-жазы азап көретініміз. Ал енді, алдағы уақытта істейтін болса бақылауға алу керек.

Жасқайрат  ауылында қазір 20 отбасы түтін  түтетіп отыр. Жол азабы былай тұрсын, төрт түлік өсіруге үйренген тұрғындар шабындық жер жетіспейді дейді. Сондықтан мал асырау жылдан жылға қиындап барады. Интернет мәселесі тағы бар. Мынау дамыған заманда байланыссыз отыру қиынның-қиыны.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВСОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мен бұл мәселені білемін. Сондықтан байланыс туралы. Екі жыл болды Оны міндетті түрде орталықпен істеу керекпіз. Ол облыстың қаражаты емес, ол республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы. Соны республикалық орталықпен дұрыс жұмыс жүргізіп, сіздерге байланыс келеді.

Жер, жол мәселесі жыл соңына дейін шешімін таппақ. Биыл Уәлиханов ауданында жол салу үшін облыстық бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 2,5 есе көп. Айта кету керек Кішкенекөл-Телжан, Көктерек-Тоспа-Жасқайрат-Қайрат және Қулыкөл-Қаратал ауылдарына апаратын жолдарға жаңа асфальт төселмек. Бұл елді мекендерге таза ауыз су тарту мәселесі де алдағы уақытта қаралатын болады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ескі құбырлар бар шығар. Сол жаңаларын салмау үшін біз басқа жүйені қолға алдық. Пластик құбырларды ескі құбырлардың ішіне кіргізіп, ескі құдықтарға дейін жеткізіп отырмыз. Сол құдықтан әр адам өз үйіне суды өзі тартуы керек. Бірақ сол ескі құдыққа дейін жеткізуге болады.

Қайрат ауылынан шығып, өңір жетекшісі бұдан әріде  алшақ орналасқан Қулыкөл ауылына жол тартты. Мұндағы тұрғындардың да басты мәселесі ауыз су тапшылығы.

Біз үкіметтен күшті нәрсе сұрап тұрған жоқпыз. Жол, су мәселесі шешілсе, қалған ұсақ-түйекті халық өзі шешіп алады. Екі жарым жыл жарық болмаған бұл ауылда. Сонда да көшкен жоқпыз. Енді міне етек, жеңімізді жинадық, Ең маңызды мәселе осы су болып тұр.

- Биыл үкіметтен тиісті қаражат бөлінді. Енді жылдың аяғына дейін су Қулыкөлге тартылады. Тек атқарылып жатқан жұмыстың сапасын қадағалап тұрыңыздар. Байланыс жүйесі де келесі аптада қосылады. 3G қосылады.

Аталған жобаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 540 млн теңге бөлінген, Шаруамен «Қият» Құрылыс компаниясы» ЖШС айналысуда. Облыс әкімі жергілікті кәсіпкер Саян Мүбәрәкпен жүздесті. Ол осы елді мекенде екі бірдей сүт-тауарлы ферманың құрылысын бастаған. Жұмысқа тек ауыл азаматтары ғана тартылыпты.

- Екі жүз басқа шақталған. Малдар төрт қатар болып тұрады.

- Малдарға тапрсырыс бердіңіз бе?

- «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы бойынша құжаттар жинадық. 90 процентке дайын...

Кәсіпкер ауыл жастары үшін спорт зал ашқан. Онда тренажер, күрес залы және үстел теннисін ойнауға арналған бөлмелер қарастырылған. Жалпы ауыл халқы ұйымшыл. Былтыр тасқын болып, ауылды қызыл су басқанын бәріміз жақсы білеміз. Бірақ азаматтар бір-біріне демеу блып, бүгінде еңсесін тіктеген. Қазір ауылға кіреберістегі су шайған жол қалпына келтіріліп, елді мекен бөгетпен қоршалыпты.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

 БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ҮШІН ЗАҢ КЕРЕК
20:33, 7 тамыз 2020
БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ҮШІН ЗАҢ КЕРЕК
Толығырақ...
ҮКІМЕТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
20:32, 7 тамыз 2020
ҮКІМЕТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...