ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ

20:35, 30 шілде 2020

Жеке бокстары бар жұқпалы аурулар бөлімшесі Пресновка ауылында салынуда. Орталық аурухананың бас дәрігерінің айтуынша, аудандар бойынша бұл осы типтегі алғашқы медициналық мекеме болады. Оның құрылыс барысын облыс әкімі Құмар Ақсақалов Жамбыл ауданына жұмыс сапары барысында тексерді. Өңір басшысы егіс алқаптарында да болды. Шаруалар күздік дақылдарды жинай бастаған.

Күздік бидайдың жиым-терімі бұл. Қыс бойы қар астында жатқан алтын дән сарғайып, жетіліпті. Сондықтан қазір танапта тегеурінді техника жүйткіп жүр. Былтыр "Шатило и К" шаруашылығы 1 гектардан 71 центнер алып, рекорд орнатқанын жарыса жазған едік. Ал биыл ше?

Бидайдың күздігі емес, жаздық түрі сіңірілген алқаптардағы жағдай мұншалықты жақсы емес-мыс. Жер емген жандар алаңдаулы.

Иә, ауа райы диқандарға оң қабақ танытпады. Әсіресе, Жамбыл ауданының шаруаларына. Көктемнен бері мұнда әдеттегі жауын-шашын нормасының 3/1-і ғана жауған. Егістігі қурап, көбіне шағын агроқұрылымдар қиыншылық көруде. Белшеден келген шығындардың орнын алтын дән бағасының көтерілуі толтыра алады. Былтыр 3-ші сыныпты бидайдың тоннасы 85 мыңнан сатылған еді. Биыл өсе ме екен?

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Климаттың құбылмалығына қарамастан, тұтас облыс бойынша жағдай жаман емес дейді әкім. Апта сайын бір ауданға шығып, ахуалды бағамдап жүрген Құмар Ақсақалов қорқатын түгі жоқ, астық болады, қамбалар толады деген болжам айтып отыр. Бірақ, көп дүние аграрийлердің өздеріне байланысты. Көктемде дәнді еге салу, күзде жинай салу деген принцип табысқа әкелмейді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Күн тәртібінен түспейтін тәжді вирус пен құтырған пневмония тақырыбы да талқыланды.  Қала мен аудан орталықтарында дәрі жеткілікті. Ал алыстағы ауыл жұрты тапшылық көріп отыр. Осы орайда кәсіпкерлер  шалғай селолардағы ағайынға көмек қолын созулары керек.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- "Кішігірім сома бөліп, қызу түсіретін, вирусқа қарсы дәрі-дәрімекті сатып алып, ауылдардағы фельдшерлерге беріп қойсаңыздар. Олар препараттарды тұрғындарға өз бағасымен сатса, жақсы болар еді. Ақшаларыңыз қайтарылады, ал онсыз да қиындық көріп отырған ағайынға орталыққа барудың қажеті болмайды".

Күзде мамандар вирустың қайта өршуін болжағандықтан жерлестеріміз бүгіннен дайындалуда. Мәселен, Жамбылдағы аудандық аурухананың инфекциялық бөлімшесі жөндеу көруде. 10 науқасқа шақталған кішігірім ғимараттың шатыры алмастырылып, іші мен сырты қалыпқа келтіріліп жатыр екен.

СӘКЕН ӘМРИН,  ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- "Инфекциялық ауру жұқтырған пациент палатаға бөлек есіктен кіреді. Медициналық қызметкерлермен тікелей қарым-қатынасқа түспейді. Мына терезенің арғы жағында - таза аймақ. Мамандар қорғаныс костюмін киіп келеді де, ем-дом шараларын жүргізеді. Процедуралардан кейін киімін ауыстырып, таза аймаққа шығады. Ал дерттен айыққан адам өзі кірген бөлек есіктен қайта шығып кетеді".

Жамбылдағы аудандық ауруханада 40 орындық провизорлық стационар бар. Онда 17 адам жатыр қазір. Өткен аптада бұл емдеу мекемесі күллі облысқа танылып, даудың ортасында қалды. Оның ресми сайтында жұртшылықтан көмек сұраған пост жарияланған еді. Мазмұны сол - дәрі-дәрімек пен қорғаныс құралдарының тапшылығын жоймаққа ақша керек. Бірақ, аурухана басшылығы бұл шындыққа жанаспайды дейді.

СӘКЕН ӘМРИН, ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- "Сайтта жарияланған ақпар шындыққа жанаспайды. Белгісіз бір қателік кетті. Өйткені, қазір бізде антибиотиктер, антикоагулянттар мен ерітінділердің 1 айға жететін қоры бар. 100 күнге жететін репираторлар да қоймада жатыр. Амбуаторлық ем алып жатқандарға дәрі-дәрімек тегін берілуде. Пост жарияланғаннен кейін құзырлы органдар келіп, тексеріс жүргізді. Ешбір олқылық таппады".

Күнгейден қоныс аударғандарға қандай жағдай жасалып жатыр? Мұны білмекке әкім көшіп келушілер үшін Пресновкада салынып жатқан үйлерге барды. Оларды шымкенттік мердігер өңір үшін таңсық "теплоблок" деген материалдан тұрғызып жатыр. Сырты әдемі, ішкі келбеті де көз қуантады. Бірақ, қабырғалары тым жұқа болып шықты. 26-ақ сантиметр. Солтүстіктің сарышұнақ аяздарында ертең жылыға еттері үйренген қандастар жаурамай ма?

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Биыл Жамбыл ауданына 52 отбасы келеді. Оларға арналып 48 үй салынып жатыр. Әрқайсысын билік құрылыс компаниясынан 7 млн-ға сатып алмақ, қоныс аударушылар болса ай сайын азын-аулақ жалға алу ақысын төлеп отырады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Пресновкада  40-тан астам көшенің биыл 4-еуі, келесі жылы тағы 4-еуі жөнделеді. Үлес аз, өйткені жаңа асфальт аудан орталығының бюджеті үшін тым қымбатқа түсіп жатыр. Алдағы 5 жыл ішінде негізгілерін қалыпқа келтіреміз деп сендірді мұндағылар. Бірер күн бұрынғы репортаждардың біріне арқау болған жарықтандыру жайын да сұрады әкім. Қараңғылық мәселесі біртіндеп шешілуде. Түнде қазір Пресновканы 450-ден астам жаңа шам жарықтандырады. Ақшаның бәрі орталыққа ғана құйылып жатқан жоқ дейді аудан атқамінері Марат Ескендіров мырза. Өзге елді мекендер де назарда. Мәселен, Благовещенка.

МАРАТ ЕСКЕНДІРОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жаңажол, Қайранкөл, Баян мен Сәбит ауылдарының мектептері күрделі жөнделіп жатыр. Казанка селосын Пресновкамен байланыстыратын жол да жөндеу көруде.

МАРАТ ЕСКЕНДІРОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ауданда ауыз су мәселесі де біртіндеп шешіліп жатыр екен.  Су төртінші тоқсанда келеді дейді Ескендіров мырза. Осылай, ананы істейміз, мынаны істейміз деп камераға айтқан жоспардағы шаруасын ауданға жуырда ғана тағайындалған басшы орындай алса нұр үстіне нұр болар еді.

 

Тақырып бойынша материалдар

 БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ҮШІН ЗАҢ КЕРЕК
20:33, 7 тамыз 2020
БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ҮШІН ЗАҢ КЕРЕК
Толығырақ...
ҮКІМЕТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
20:32, 7 тамыз 2020
ҮКІМЕТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...