ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ОБЛЫСТА «NUR OTAN» САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 12 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

17:18, 21 қыркүйек 2021

Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру туралы "Nur Otan"партиясы өңірлік филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшелері айтты. Отырыс жұмысына облыстық филиалдың төрағасы, СҚО әкімі Құмар Ақсақалов қатысты. Осы жылға жоспар 13,6 мың жұмыс орнын ашу, оның 12 мыңы құрылды. Сондай – ақ, сайлауалды бағдарлама бойынша алғашқы индикаторлардың бірі -орташа айлық еңбекақы 178 мың теңгеге жетті. Жоспар бойынша 161 мың теңге болатын.

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының 7 бағыты - 129 іс-шараны көздейді. Биыл 117 жобаны іске асыру жоспарланған. Олардың ішінде-бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың іске қосылуы бар.  Жыл басынан бері өңірде ламинатталған фанера өндіретін комбинат, жұмсақ контейнерлер шығаратын фабрика және изотермиялық термос вагондар зауыты ашылды. "Радуга" компаниясы қағаз шығаратын фабриканы және "Кирпич СК" ЖШС кірпіш зауытын салып жатыр.

ҚУАНЫШБЕК ҚАЛИЖАНОВ, СҚО ЭКОНОМИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- 2025 жылға дейін 10 жаңа кәсіпорын пайда болады. "Qyzyljar" АЭА аумағында 3 ірі жоба іске асырылды. Бұдан басқа, жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өнім түрлерін шығару үшін "Тайынша Май" ЖШС, "Радуга" ЖШС және "Максимальная размах CORPORATION" ЖШС жаңғырту жалғасқан. Инвестициялар сомасы шамамен 3 млрд. теңгені құрайды, 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылады.

Сайлауалды бағдарламаны  Жамбыл ауданында жүзеге асыру барысы туралы аудан әкімі Марат Ескендіров айтып берді. Жоспарды орындау қарқынды жүріп жатыр. Жылқы фермасы, балық өнімдерін өңдейтін цех ашылып, әлеуметтік нысандар салынып, жұмыс орындары пайда болған.

ӘСЕМ РАХМЕТОВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ СҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ :

- Жамбыл ауданының жол картасы бойынша әкім хабарлағандай, 45 іс-шара бар. 60% жасалды, Мағжан Жұмабаев және Жамбыл аудандары ең жоғары көрсеткішке ие.

Тимирязев ауданына келетін болсақ, биыл жоспарланған 45 іс-шараның 12-сі жүзеге асты. Оның ішінде еңбекақы мөлшері өсіп, мал басы көбейді, 328 жаңа жұмыс орны құрылды, - дейді Нұрлан Кеңесов. "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов Саяси кеңес  Бюросының мүшелеріне сайлауалды бағдарламаның орындалуына қатаң мониторинг жүргізуді тапсырды. Оның айтуынша, Жол картасын жүзеге асыру жұмыстарына барлық атқарушы органдар қосылуы керек.

 ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біз сайлау алдындағы уәделердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге тиіс қоғамдық кеңестерді арнайы құрдық. Облыстық мәслихаттың, аудандық, қалалық мәслихаттың депутаттары да бекітілді. Мен бюро мүшелерін де бекітуді ұсынамын,  олар да нақты жұмыстар үшін жауап беруі керек. 

Саяси кеңесті қорытындылай келе, партия филиалының төрағасы Жол картасын орындау жөніндегі іс-шаралардың орындалмауына немесе бұзылуына жол берілмейтінін еске салды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 10 ЖЫЛ
20:38, 27 қазан 2021
ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 10 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...