Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына "Nur Otan" партиясынан 24 үміткер, "Ауыл" партиясынан 3, "Ақ жол"партиясының 3 өкілі депутат болып сайланды. Жаңа құрам айтарлықтай өзгерген. Онда әйелдер мен жастар да көп.
Таныстырылым барысында жаңа депутаттарға куәліктер мен төсбелгілер табысталды.Облыстық мәслихаттың хатшысы болып Владимир Бубенко қайта сайланды. Сондай-ақ, 2021 жылдың бірінші сессиясына тұрақты комиссиялар құрылып, олардың төрағалары да анықталды. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов жаңа депутаттық құрамға облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын іске асыруда жемісті жұмыс тіледі. Сессияда облыс аумағын дамыту жобасы мен алдағы жылдарға арналған жоспарлар талқыланды.
ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Біздің өңірдің әлеуеті жақсы. Бюджеттен де, жеке инвестициялардан да едәуір қаражат бөлінеді. Алдағы жылдары экономикада, ауыл шаруашылығында да көптеген ауқымды жобалар іске асырылады.