ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҢ 2 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ ЖҰМЫСЫНАН БОСАТЫЛДЫ

17:15, 19 ақпан 2021

2020 жылы елімізде 6 саяси мемлекеттік қызметші отставкаға жіберілді, оның екеуі СҚО-дан. Тағы 9 саяси және 39 әкімшілік мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  өткен жылы  99 қылмысты тіркеді, оның 82 пайызы жемқорлыққа қатысты.  Қылмыстың 30-ын  әкімдік мамандары  жасаса, 16-сы аумақтық мемлекеттік органдар қызметкерлері арасында тіркелген.  Анықталған қылмыстардың 54-і пара алуға қатысты болса, 25-і ұрлықпен байланысты. Осыған қарамастан, Солтүстік Қазақстан облысы жемқорлық фактісі төмен өңірлер қатарына енген.

ЕРНАР БАЯНҒАЗИН, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

-  Сауалнаманың нәтижесі бойынша, азаматтардың  95,5 %  және бизнес өкілдерінің   99,3% қандай да бір мәселені шешуде бармақ басты, көз қыстылыққа жол берілмегенін айтқан. Алайда сыбайлас жемқорлық көп кездесетін мемлекеттік мекемелер ретінде емханалар мен ауруханалар, полиция, салық органдары,  өрт сөндіру қызметі, жер қатынастары органдары  мен қала құрылысы, мемлекеттік балабақшалар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, университеттер деп аталып өтті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Мемлекет ұстанымын қолдай отыра , мен шешім қабылдап, екі қызметшіні отставкаға жібердім. Облыс әкімінің орынбасары мен Ақжар ауданының әкімі қарамағындағы мамандары жемқорлық қылмыс жасағандары үшін  қызметтерінен босатылды.  Егер осындай фактілер қайталанатын болса,  қатаң шаралар қолданылады. 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
20:35, 4 наурыз 2021
МӘЖІЛІСТЕ ПАРТИЯАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
20:34, 4 наурыз 2021
АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
30 ШЕТЕЛДІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯ ӨНДІРІСІ ЖЕРГІЛІКТЕНЕДІ
20:33, 4 наурыз 2021
30 ШЕТЕЛДІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯ ӨНДІРІСІ ЖЕРГІЛІКТЕНЕДІ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
20:42, 26 ақпан 2021
КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:31, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...