ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҢ ЖАҢА БАС ИМАМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

17:17, 15 қазан 2021

Облысқа жаңа Бас имам тағайындалды. Енді Бұл қызметті Хамзат Әділбеков атқарады. Ал бұған дейін 8 жылдан астам уақыт өңірде  Бас имам қызметін атқарған Кенжетай қажы Байкемелұлы Бас мүфтидің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жаңа Бас имамды зиялы қауым және Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдеріне таныст  ырды.  

Бас имамды таныстырмас бұрын өңір жетекшісі Құмар Іргебайұлы  ел тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде еліміздің  қауіпсіздігін, тұрақтылығын сақтау мақсатында облысымызда дін саласында бірқатар игі  істер  атақарылғандығын атап өтті. Атап айтсақ кадр тапшылығы мәселесі шешіліп,  діни сауатты білікті азаматтардың арқасында теріс ағымның жетегінде кеткендер саны азайған. Облыста бүгінгі таңда 136 бірлестік жұмыс істейді. 164 ғибадатхана бар. Оның 36 мешіт. облыс бойынша 4 мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар аймақ басшысы пандемия кезінде облыстық мешіт бірқатар  әлеуметтік  көмек көрсеткенін де атап өтті. Аймақ басшысы осы уақытқа дейін облысымыздың Бас имамы қызметінде болған Кенжетай Байкемелұлына атқарған жұмыстарына Алғыс айтып, Құрмет грамотасын табыстады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- «Жоғарыда айтылған жұмыстарға әрине Кенжетай қажының атқарған жұмыстарын айтуымыз керек. Кенжетай бізде 8 жарым жылдай облысымызда жұмыс істеді біраз жұмыс атқарды, жастар мен де зиялы қауым өкілдерімен де барлығына белсенді түрде қатысып еліміздің облысымыздың дамуына қосқан үлесі көп деп айтуға болады. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдалана отыра бүкіл елдін атынан Кенжекеңніңн атқарған жұмыстарына Алғысымды білдіруді рұқсат етіңіздер.»

Облыста  8 жыл 6 ай табысты еңбек еткен Кенжетай  Дүйсенбай  енді Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтиінің кеңесшісі қызметін атқаратын болады. Ал бүгінгі күннен бастап облыстың бас имамы қызметінде Хамзат Әділбеков. Хамзат Қажымұратұлы1984 жылы СҚО Айыртау ауданында дүниеге келген. 2001 – 2004 жж.Алматы қаласындағы "Нұр-Мүбәрак" университетінде "Исламтанушы және имам хатиб" мамандығы бойынша оқыған.  2004 – 2008 жж Ливияның Триполи қаласында орналасқан "Исламға Шақыру" Университетін араб тілі және дінтанушы мамандығы бойынша бітірген. 2009-2011жж. Қазақстан Республикасының Ливидағы дипмиссиясында  кезекші комендент-аудармашы қызметін атқарды. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап СҚО Петропавл қаласындағы «Қызылжар» орталық мешітінде ұстаздық және мешіт сайтының администраторы қызметін атқарған. 2017 жылдың  қараша айында ҚМДБ «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің маманы қызметіне тағайындалды. 2020 жылдың желтоқсан айынан елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ,  ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ :

- «Жаңадан келіп отырған имамдарыңыз өздеріңіздің балаларыңыз Хамза деген. Осы елдің азаматы. Бүгінге дейін Нұр сұлтан қаласында үлкен мешітте Бас имам болып қызмет жасады. Республикалық насихаттық ақпараттық насихаттық топтың мүшесі. Білікті азаматымыздың бірі. Бізге ерекше көңіл бөлінетін жер. Өйткені шекара Бұл жерге жақсы білікті маман қажет. Сондықтан біз арнайы білікті маманды тағайындап отырмыз. Қолдап көмектесулеріңізді өздеріңізден сұраймыз. »

Бас мүфтидің кеңесшісі қызметіне  тағайындалған Кенжетай Байкемелұлы жиналған қауымға бірлесе атқарған жұмыстар үшін ризашылығын білдіріп, жаңа Бас имамға жұмысына сәттілік тіледі.

КЕНЖЕТАЙ ҚАЖЫ ДҮЙСЕНБАЙ, БАС МҮФТИДІҢ КЕҢЕСШІСІ :

- Ал енді құрметті ағайындар барлықтарыңызға мен өз рахметімді айтамын. Аманат дейміз ғой сол аманатты құдайға шүкір өзіміздің артымыздан келе жатқан бауырымыз ініміз білімді азамат осы жердің азаматы Қызылжар орталық мешітінде  4 жылдан астам уақыт қызмет атқарды. Құрметті Хамза имам сіздің қызметіңізді осы елменен жоғары деңгейде өткізесіз. Өйткені сіз жаңадан бастамайсыз тек қана жалғастырып кетесіз деп ойлаймын. Расында да оңай емес руханият саласы. Мүмкін біздің күштеріміз жетпеген істерді одан әрі дамытуға нәсіп етсін деп шын жүректен тілегімді айтамын.»

Сонымен қатар ардагерлер кеңесі мен Қазақстан Халқы ассамблеясының өкілдері де  Кенжетай Байкемелұлына атқарған жұмыстарына алғыс айтып, ізгі тілектерін жолдды. Кездесу соңында Бас мүфти облыс әкімі Құмар Ақсақаловқа «Ихсан-рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тартты.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
17:18, 3 желтоқсан 2021
10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Толығырақ...
АГРО САЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
17:15, 3 желтоқсан 2021
АГРО САЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
02.12.1991 ЖЫЛ: ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
13:01, 3 желтоқсан 2021
02.12.1991 ЖЫЛ: ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫ Ж...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...