ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ӨҢІРДЕ ТҰҚЫМ ӨНДІРУ КӘСІПОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

13:01, 20 қыркүйек 2021

Есіл ауданында егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Диқандар дәнді дақылды толығымен жинап, майлы дақылға орақ салды.Орташа алғанда, ауданның ауылшаруашылық тауар өндірушілері әр гектардан 15-17 центнерден жинайды.  

Бұл «Қозбаев и К» серіктестігінің алқаптары. Кәсіпкердің иелігінде 2 мың гектардан астам жер бар. Оған бұршақ, зығыр секілді майлы дақылдар егілген. Егін жинау науқаны тек тамыздың 17-і басталды.

БАЯН БАРЛЫБАЕВ,  «ҚОЗБАЕВ И К» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

-  Шаруашылықта бірнеше кептіргіштеріміз бар. Іске жарамды.  Мына алқаптан 18-20 центнер шамасында өнім аламыз. Ал, жалпы биыл егіннің көлемі орташа есеппен 13-14 центнерді құрайды. Жеріміз үлкен емес 21401 гектар. Соған қарамастан оның 207 гектарына бұршақ және 84 гектарға зығыр ектік. Бұршақтан 16,5 центнер өнім алсақ, зығырды енді жинай бастаймыз.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге биыл өз шығындарын жабуға мүмкіндік бар. Егер өткен жылы бидайдың құны 83-тен 87 мың теңге аралығында болса, биыл тоннасы 103-тен 107 мың теңгеге дейін сатылып жатыр.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Азық-түлік корпорациясы келесі жылы ақпан айында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне несие бере бастайды, бұл өткен жылдағыдай пайызсыз болады. Өте ыңғайлы. Көктемде қажетіңізге болашақ өнімнің есебінен қаражат аласыз, күзде астықты тапсырып қарыздан құтыласыз.

Ең алдымен, бидайдың шығымдылығы тұқымның сапасына байланысты. Оны 2 есеге арттыру үшін Есіл ауданында жаңа зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Жобаның құны 750 миллион теңге, қуаттылығы 60 мың тоннаны құрайды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ауданда әлеуметтік саланы дамыту да ұмыт қалмаған. Биыл Корнеевка орта мектебінде 80 жыл  болмаған күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Терезелер, еден, есіктер ауыстырылып, жаңа шатыр төселді. Бұл мақсатқа 150 млн теңге жұмсалды. Мәдениет үйі де жөндеуге мұқтаж.

НҮРКЕН СИСЕНБАЕВ, КОРНЕЕВКА МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Қазір жұмыс қарқынды жүріп жатыр, оларды бір ай ішінде аяқтау жоспарда бар. Оған 111 млн теңге бөлінген. Қабырғадан басқаның бәрі ауыстырылады.

Екінші жыл қатарынан Құмар Ақсақалов мәдениет үйлерінің әлеуетін барынша пайдалану қажеттігін сөз етіп келеді. Оның пікірінше, мұнда әр түрлі үйірмелер ашып, спортқа арналған тренажерлер орнату қажет. Осы ретте «Атамекен Агро» ЖШС басшысы қажет құрал-жабдықтарды сатып алуға көмектесуге міндеттенді. «Азия Тарангул»  серіктестігінің директоры да бұрынғы балабақша ғимаратын қайта жаңғыртуды қолға алған. Енді мұнда жалғыз басты  зейнеткерлерге арналған жатақхана болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДА ТӘУЕЛСІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
20:33, 15 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАНДА ТӘУЕЛСІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
Толығырақ...
ТМД МЕМЛЕКЕТТЕРІ БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:31, 15 қазан 2021
ТМД МЕМЛЕКЕТТЕРІ БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...