Жаңадан құрылған Ғылым және жоғары білім министрлігі төрт бағытта жұмыс істейді. Бұл туралы ведомство басшысы Саясат Нұрбек мәлімдеді. Ең әуелі Ұлттық ғылым академиясының мәртебесі қайтарылады. Тиісті заң жобасы әзірленіп жатыр, деді министр. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарындағы ғылымға басымдық беріледі. Қолданбалы ғылыми-зерттеулерді қаржыландыру жөнге қойылмақ. Тағы бір бағыт - оқу орындарының ғылыми-технологиялық даму бағыт-бағдары айқындалады. Ведомство басшысы жаңадан құрылған министрліктің бұрынғы Білім және ғылым министрлігінен айырмашылығын да айтты.
САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:
- «Негізгі мақсат – ғылым және жоғары білім, ЖОО ғылыми бірлесіп, ғылым саласын қолданбалы нақты бағытталған зертеулерге бетін бұрып, Қазақстанның экономикалық дамуына үлес қосу. Негізгі айырмашылық осы».