ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ОТАНДЫҚ ТАУАР БИРЖАЛАРЫ ЕКІ ДЕҢГЕЙЛІ ЖҮЙЕГЕ КӨШЕДІ

20:33, 24 қараша 2021

Еліміздегі тауар биржалары екі деңгейлі жүйеге көшеді. Бұл қадам биржалық сауданы жетілдіруге және дамытуға серпін береді. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осы салада қандай өзгерістер болатыны талқыланды.  Қазіргі таңда елімізде 19 тауар биржасы бар. 2009 жылдан бері биржалық келісімдер саны 50 есеге өсті. Дегенмен, осы саланы одан әрі дамытып, заңнамасын халықаралық стандарттарға сай ету керек. Сондықтан, сауда және интеграция министрлігі бірінші кезекте тауар биржаларының екі деңгейлі жүйесін енгізуді ұсынып отыр. Сондай-ақ,  биржалық сауданың Бірыңғай қағидаларын бекіту көзделген. Министрлік әзірлеген Заң жобасында биржадағы келісімдерді сақтандыру мәселесі де қарастырылған.

БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:

- Тауар биржаларының екі деңгейлі жүйесін енгізу ұсынылады. Бірінші деңгей, сауда-саттықты биржалық тауарлармен жүзеге асыратын тауар биржалары үшін жарғылық капиталды 700 мың еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту көзделген. Екінші деңгей, стандартталмаған тауарлармен ғана сауда-саттықты жүзеге асыратын тауар биржалары үшін талаптар бұрынғы деңгейде қалады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
17:18, 3 желтоқсан 2021
10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Толығырақ...
АГРО САЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
17:15, 3 желтоқсан 2021
АГРО САЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
02.12.1991 ЖЫЛ: ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
13:01, 3 желтоқсан 2021
02.12.1991 ЖЫЛ: ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫ Ж...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...