ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК СОТ АШЫЛДЫ

17:18, 22 шілде 2021

Облыста 1 шілдеден бастап мамандандырылған әкімшілік сот жұмысын бастады. Ол бұрынғы колледж ғимаратында орналасқан. Толық жөндеуден өткен нысанда өңір басшысы Құмар Ақсақалов болып, жұмыс жағдайымен танысты.

Бұрын бұл ғимарат қызмет көрсету саласы бойынша мамандар даярлайтын колледж болған еді. Биыл нысан толық жөндеуден өтіп, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот ғимаратына айналды. Заманауи жабдықталған нысан шілденің 1-інде ашылды. Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақалов жаңа соттың қызметімен және жасалған жағдаймен танысты.

- Комната совещательная. Данная комната предусмотрено здесь. - Там судья выносит решение и оглашает здесь. Это предусмотрено законодательством.

Мекемеде бұндай 4 зал бар. Барлығы дыбыстық және бейнежазба жүйесімен жабдықталған. Одан бөлек адвокат пен прокурор, судьялардың жеке кабинеттері бар. Қазіргі таңда 10-нан астам маман жаңа жұмыс орнымен қамтылған.

- Как вам кабинет? - Все хорошо, все устраивает. Все условия создали для работы. - Как по сравнению с прошлым кабинетом?. - Намного лучше.

Жалпы, әкімшілік сот ісін жүргізудің жаңа түрі біздің өңірде ғана емес, ел бойынша 1-ші шілдеден бастап енгізілді. Осылайша, азаматтардың мемлекеттік органдармен арасындағы құқығын қорғауда теңдік қамтамасыз етілмек. Бұл туралы өткен жылы қабылданған әкімшілік рәсімдік-процесуалдық кодексте жазылған.

Бердібек Мұстафин, СҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы:

-  Бұл кодексті қабылдаудағы мақсат - азаматтар мен әкімшілік органдар арасындағы дауларды сот қараған кезде екеуі теңсіз болып табылады. Өйткені, бір жағынан қарасақ, жеке тұлға, екінші жағынан әкімшілік мемлекеттік орган - оның өзінің апараты бар, дайындалған қызметкерлері бар. Сондықтан, осы теңсіздікті жою үшін кодекс қабылданып, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғау негізделіп отыр.

Бүгінге дейін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа 30-дан астам азамат келіп талап-арыз қалдырған Оны мұндағы мамандар 3 ай ішінде қарастырып, шешім шығарады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРЛЕРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ КҮРДЕЛІ
20:35, 3 тамыз 2021
ӨҢІРЛЕРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ КҮРДЕЛІ
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
20:33, 3 тамыз 2021
ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ БЕРДІБЕК САПАРБАЕВҚА СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 3 тамыз 2021
ПРЕЗИДЕНТ БЕРДІБЕК САПАРБАЕВҚА СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...