ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

20:33, 11 қараша 2021

Премьер-министр Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Асқар Мамин өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, аймақтағы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді. Байзақтағы тұрғын үйлерді қалпына келтіру және азық-түлік бағасын реттеу бойынша жұмыстармен танысты.

Премьердің өңірге сапары Байзақ ауданынан басталды. Асқар Мамин оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қираған үйлерді қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Кейін зардап шеккен отбасыларымен кездесті. Қазір Жамбыл облысында қант шығаратын ірі зауыт салынып жатыр. Жылына 148 мың тонна өнім беретін кәсіпорын құрылысы 2023 жылы аяқталмақ.

 НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Биылғы жылы қант зауытын соғу жұмыстары басталды. 2025 жылы облыс көлемінде бір жарым миллион тонна қант қызылшасы жиналады деп жоспарлануда. Одан өндірілген қанттың көлемі бүкіл республиканың қажеттілігінің 36 пайызын қамтамасыз етеді.

Премьер-министр аймақтағы шаруа қожалықтарын аралады. Жамбылда шығарылатын азық-түлік өнімдерін аралады. Үкімет басшысына бағаны тұрақтандыру бойынша қолға алынған шаралар баяндалды. «Қазір өңірде әлеуметтік маңызды тауарлар сататын дүкендер саны көбейген. Ондағы азық-түлік халыққа арзан бағамен сатылып жатыр» - дейді жауаптылар.

 АРМАН ТҮЙМЕБАЕВ, "ТАРАЗ" ӘКК САУДА ЖӘНЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл жобаны біз былтыр 2020 жылы желтоқсан айынан бастап іске асыра бастадық. Басты мақсат 20 дүкенге жеткізу санын. Бүгінгі таңда бізде осындай форматта 11 дүкен бар. Басқа дүкендермен салыстырғанда дәл осы дүкеннің бағалары кемінде 5-10 пайыз, әлеуметтік тауарларға одан да көп, 15-20 пайызға дейін төмен бағалар.

Асқар Мамин иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытта болды. Мұнда жыл сайын 60 млн дозаға дейін вакцина шығарылады. Премьер-Министр зауыттың өндірістік қуатын дамыту жобаларымен танысты. Сондай-ақ премьер Тараз қаласындағы медициналық бұйымдар шығаратын кәсіпорынға барды. Бұнда биыл қазан айында ковидті анықтайтын экспресс-тесттер шығарыла бастады. Кәсіпорынның әлеуеті кеңейіп енді бұнда инфекциялық ауруларды, есірткі заттарын және аллергендерді диагностикалайтын 200-ден астам экспресс-тест шығарылмақ. Жалпы жылына 15 млн экспресс-тест өндіріледі. Жұрағат Баман, Үкіметтің баспасөз қызметі көмегімен, Ұлттық арна

 

Тақырып бойынша материалдар

СЕНАТ МЕМЛЕКЕТТІК БАСТАМАЛАРДЫ ЕЛБАСЫМЕН КЕЛІСУ ҚАЖЕТТІЛІГІН ЖОЮДЫ ҰСЫНДЫ
20:34, 27 қаңтар 2022
СЕНАТ МЕМЛЕКЕТТІК БАСТАМАЛАРДЫ ЕЛБАСЫМЕН КЕЛІСУ ҚАЖЕТТІЛІГІН...
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ҚАРУ-ЖАРАҚТЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ЖАЗАНЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
20:33, 27 қаңтар 2022
ДЕПУТАТТАР ҚАРУ-ЖАРАҚТЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ЖАЗАНЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
МИНИСТРЛІКТЕР БИЫЛҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ
20:32, 27 қаңтар 2022
МИНИСТРЛІКТЕР БИЫЛҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...